Жетісу облысыМедицина

Жетісу облысында адам папиллома вирусына қарсы екпе жүріп жатыр

Бұл шара қыздардың денсаулығын қатерлі ісіктің ең қауіпті түрінен қорғауға бағытталған. Осындай мәліметпен Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев бөлісті.
Қазіргі уақытта өңірге вакцинаның 12 мыңнан астам дозасы келді. Оның 6000-ы қоймаға түсіп, қажетті мөлшерде аудандарға таратылды. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, АПВ қарсы екпе 11-13 жас аралығындағы қыздарға жүргізіледі. Бүгінде екпемен 1994 қыз қамтылды.
Вакцинация мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың қалауы бойынша екпе тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін.
АПВ вакцинасы өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Бүгінгі таңда бұл вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады, соның арқасында бірқатар елде әйелдер арасында АПВ таралуы бүгінгі күні 90%-ға төмендеді.