Жетісу өңірінде жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жақсарту және жол ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында 5 ақпан мен 29 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы Жетісу облысының Полиция департаменті полиция қызмет басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов мәлімдеді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған жүргізушілерді анықтау және жолын кесуге, жылдамдықты арттыру, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін елемеу, қауіпсіздік белдіктерін тақпау және апталыққа әсер ететін басқа да бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударуда.
«Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізудің төртінші күнінде, облыс бойынша барлығы 1802 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚАПББ – 1051, ал ПД Патрульдік полиция батальонымен ал ПД ППБ – 751 құқық бұзушылық анықталды», — дейді полиция полковнигі.
Атап өтейік, «Қауіпсіз жол» іс-шарасын өткізілуіне жалпы 309 полиция қызметкері, оның ішінде 173 патрульдік полиция, 120 учаскелік инспектор және басқада 16 қызметкері жұмылдырылды.
Өткізіліп жатқан іс-шараға қарамастан көптеген жүргізушілердің тәртіпке және заңға бағынбаушылығынан жол-көлік оқиғалары азаймай тұр. Атап айтсақ, жыл басынн бері 32 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 6 адам қайтыс болды, 63 адам әртүрлі дене жарақатын алды.
Спикер сөз соңында жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, қауіпсіз жүріс-тұрысты ұстануға шақырды.