Жетісу облысыМедицина

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері

Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері медицина саласында ең өзекті тақырыпқа айналды. Жыныстық қатынастың ерте басталуы және де алдын-ала контрацепция әдістері туралы хабардар болмауы жасөспірімдердің денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ерте жыныстық қатынасқа түсу, жұқпалы аурулар мен қажетсіз жүктілікке итермелейді.                                   Бүгін осы тақырып аясында, Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова облысымызда орын алып жатқан жағдайларды Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз маслихатында баяндады.

Жанета Нұрманбетованың айтуынша, жыл басынан бері 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 14%-ы жүкті болған. Олардың 57%-ы жүктіліктің тууына, 27%-ы жасанды түсік, ал 16%-ы өздігінен түсік тастаған. Бұл статистикаға алаңдатушылық танытпасақ, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының нашарлауына алып келуде.

Қыздар мен жасөспірімдердің репродуктивті және соматикалық денсаулығының бұзылуы бала тууға, сондай-ақ болашақ ана мен нәресте өлімінің коэффициенттеріне тікелей әсер етеді. Денсаулықты сақтау және жасөспірімдер мен жастарға тегін білікті медициналық, психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетудің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін «Талдықорған қалалық емханасы» ШЖҚ МКК базасында Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықта жасөспірімдер контрацепция әдістері және оларды қолданудың маңыздылығы туралы ақпарат алады. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері әлеуметтік қолдауды талап ететін, медициналық көмекті қажет ететін кешен болып табылады. Жастардың денсаулық сақтау орталықтары мен отбасын жоспарлау кабинеттерінің жұмысы қажетсіз жүктіліктің алдын алуда және жасөспірімдердің денсаулығын сақтауда шешуші рөл атқарады. Алайда, оң нәтижелерге қол жеткізу үшін жасөспірімдер үшін барлық қажетті ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз қажет.

 

 

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісудағы фермерлерге жаңа қолдау шаралары ұсынылды

Жетісу облысында 20 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Фермерлердің жетістігіне қарамастан, олардың жыл сайынғы өнімі қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты біршама келеңсіздік тудыруда. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықтарға қолдау және
Медицина

Сақ болыңыз, көкжөтел!

Көкжөтел – ауа-тамшылы жұғу жолымен немесе қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауру. Көкжөтел спазмды жөтел ұстамаларымен байқалады және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуымен қоса жүреді. Жұқтыру сәтінен бастап алғашқы
Жетісу облысы

Биыл Қаратал ауданында 1500 гектар қант қызылшасын егу жоспарлануда

Қаратал ауданы бойынша қант қызылшасы 1 мың 106 га жерге егіліп, толығымен жиналды. Қазіргі таңда 37,6 мың тонна өнім қант өңдеу зауытына өткізілді. 2024 жылы жылы 1500 гектарға қант қызылшасын
Жетісу облысы

ҚР Денсаулық сақтау Кодексіне өзгерістер енгізілді

Соңғы жылдары Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалауға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Мемлекет Басшысы ҚР Денсаулық сақтау Кодексіндегі өзгерістерге 8 маусымда қол қойды. Бұл туралы Жетісу облысының