Жаңалық

Алматы облысында репродуктивті денсаулық апталығы басталды

 

Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өңірде 24 — 28 маусым аралығында «Репродуктивті денсаулықты сақтау» апталығы өтіп жатыр. Бұл дегеніміз әрбір адамның жіті тексеруден өтіп, дәрігерден кеңес алуына берілген бірегей мүмкіндік.
Репродуктивті денсаулық апталығы – салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Мұндай науқан кезінде жас буынның денсаулықты сақтауға назарын аударуға басымдық беріледі. Жоғарыда атап өткендей, ерте жүкітіліктің алын алу, жасанды түсікке жол бермеу сынды жайыттар мамандардың ықпалымен жүзеге асырылады.
Талғар ауданының орталық ауруханасының басшысының орынбасары Нүргүл Матжанованың сөзіне сүйенсек, өңірде бойжеткендердің арасында ерте жыныстық жетілу жас жамасы он алты жастан басталады екен. Ауыр дерек болғанымен ақиқаты осы. Өкінішке қарай, облыста ерте жүктілік жағдаяты тіркелген. Бүгінгі күні 15-18 жас аралығында жүкті болғандар саны 127-і құрайды.

Дабыл қағатындай жайытта дәрігерлер құзырлы органдармен және ата-анамен бірлесе отырып жұмыстарын атқарады. Бұл жасанды түсіктің алдын алауға мейілінше нәтиже беретін тәсіл болып табылады.Маманның айтуынша, соңғы бес жылда ерте жүктілік 31 пайызға төмендесе,жасанды түсік жасату- 28 пайызға азайған.

« Әйелдер арасында жатыр мойыны обыры ерті асқынып тұр. Мұның барлығы ерте жыныстық жетілу, гигена сақтамау сынды қарапайым ережелерді ескермеуден туындайы. Сол себепті, репродуктивті денсаулық апталығында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, адамдардың папиллома вирусының вакцинациясы бойынша ақпарат беріп бастадық. Ұлт саулығы ең басты қазына болуы тиіс. Апталықтыңда негізгі нысаны-салауатты, медициналық сауатты ұлтты қалыптастыру екенін еске саламын»,-деп қорытындылады спикер.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде

Тұтынылатын трафик көлемінің ұлғайып, интернет сапасының төмендеуіне байланысты тұрғындардан шағым түсетіні белгілі. Бұл мәселені шешу үшін байланыс операторларының базалық станцияларын тұрақты негізде ұлғайтып, жаңа желілер салу қажеттілігі туралы Өңірлік коммуникациялар
Жаңалық

Антикор Қарасай ауданының әкіміне 172 500 теңге айыппұл салды

Бұл туралы Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді. Аудан әкімі Жасұлан Естенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Кезекті мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер
Жаңалық

Ақша үнемдей отырып 2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?

2023 жыл да аяқталуға жақын. МӘМС жүйесінде сақтандырылып үлгермеген азаматтар бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмау керек. Олар желтоқсан айының соңына дейін жарна төлесе, жаңа жылмен салыстырғанда 9 000 теңге кем төлейді.