Жаңалық

Антикор Қарасай ауданының әкіміне 172 500 теңге айыппұл салды

Бұл туралы Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді.

Аудан әкімі Жасұлан Естенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Кезекті мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынбаған үміткерді кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы лауазымына тағайындағаны анықталды», – деп жазды Антикор.

ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабына сәйкес, әкімге 50 АЕК (172 500 тг) көлемінде айыппұл салынды.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысы Қазақстандағы құрылыс материалдарының жалпы республикалық өндірісінде жетекші орынға ие

Статистикаға сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында гипсокартон өндірісінің үлесі 80,4%-ын құрады, ал сэндвич-панельдер ел бойынша жалпы көлемнің 42,5%-ын құрады. Бұл деректер Алматы облысының Қазақстандағы құрылыс материалдарының бас өндірушісі ретіндегі
Жаңалық

Жетісу облысы: вирустық «А» гепатитімен ауырғандар саны артып отыр

Жетісу облысында вирустық «А» гепатитімен ауырғандар саны артып келеді. Сырқаттанушылық өткен жылмен салыстырғанда 7 есе өскен. 2023-2024 жылдың эпидемиялық кезеңінде вирустық «А» гепатитінің 29 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа
Жаңалық

Алматы облысында 123 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды

Бүгінде жалпы өңір халқының 8 пайызы иммунитетін жасанды жолмен күшейткен. Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Жыл сайын аймақта вирустық инфекциялардың 400 мыңға