Жаңалық

Жетісу облысы: вирустық «А» гепатитімен ауырғандар саны артып отыр

Жетісу облысында вирустық «А» гепатитімен ауырғандар саны артып келеді. Сырқаттанушылық өткен жылмен салыстырғанда 7 есе өскен. 2023-2024 жылдың эпидемиялық кезеңінде вирустық «А» гепатитінің 29 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны – 6. Яғни, 20,6%.

«Вирустық гепатиттер – вируспен шақырылатын, бауырды зақымдаумен сипатталатын және сарғаю белгісі болатын сырқат. Жұқпаның тұрғындар арасында берілу жолы мен таралуы әртүрлі. Вирустық гепатиттердің бірнеше түрлері кездеседі, соның ішінде ең кең тараған түрі  вирустық «А» гепатиті. Вирустық гепатитпен тек адам ауырады, барлық жағдайда жұқпа көзі – ауру адам»,- дейді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Айта кетерлігі 2023-2024 оқу жылында облыстағы 345 мектептің 8-нен ауру шыққан. Сырқаттанған оқушылар саны  9.

Вирустық «А» гепатитімен сырқаттанушылық күз-қыс айларында жоғарылайды. Гепатитті төмендетудің тиімді жолы – иммундау. Бүгінде өңірде вирустық «А» гепатитіне қарсы 2 жастағы 16 991 бала және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша ошақта қарым-қатынаста болған 3375 адам иммундаумен қамтылып отыр.

Related Posts

Жаңалық

Қатерлі ісікпен күресу жолы

  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялаудың 2023-2025 жылдарға арналған жоспарын бекітті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде онколог-дәрігер Карлығаш Тәжібаева хабарлады. Онкологтың айтуынша,
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1122 жағдай тіркеліп, оның 797 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 54,2%. Айта кетерлігі
Жаңалық

Алматы облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде

Тұтынылатын трафик көлемінің ұлғайып, интернет сапасының төмендеуіне байланысты тұрғындардан шағым түсетіні белгілі. Бұл мәселені шешу үшін байланыс операторларының базалық станцияларын тұрақты негізде ұлғайтып, жаңа желілер салу қажеттілігі туралы Өңірлік коммуникациялар
Жаңалық

Алматы облысында 5 айдан бері мектептің құрылысы тоқтап тұр

Аманаттықтар құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді. Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Төле би ауылында жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысы маусым