Жаңалық

Қатерлі ісікпен күресу жолы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялаудың 2023-2025 жылдарға арналған жоспарын бекітті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде онколог-дәрігер Карлығаш Тәжібаева хабарлады.

Онкологтың айтуынша, Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы ең көп таралған қатерлі ісіктердің ішінде екінші орында тұр. Бұл аурудың алдын алудың ең тиімді тәсілі – вакцинация. Вакцинациялау жоспары бойынша, биылғы жылдан бастап 11 жастағы қыздарға «Гардасил-4» вакцинасы қолданылатын болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсыныстарына сәйкес, Қазақстан 2030 жылға дейін 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызына АПВ-ға қарсы вакцина салуды мақсат етуде. Карлығаш Тәжібаеваның айтуынша, вакцинация арқылы жатыр мойны обырының алдын алу және әйелдердің денсаулығын сақтау маңызды.

Сонымен қатар, ол соңғы жылдары анти-вакциналық көңіл-күйдің артуына байланысты қызылша мен басқа да аурулардың көбейгенін атап өтті. Сондықтан халыққа вакциналардың қауіпсіздігі мен аурудың алдын алудың маңыздылығы туралы ескерту қажет екенін атап өтті.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевқа «Rotary International» ұйымы келді

Кеше Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына дүниежүзіндегі Rotary клубтарын біріктіретін халықаралық үкіметтік емес бірлестік болып табылатын Оңтүстік Кореядан Rotary International гуманитарлық-қайырымдылық ұйымының делегациясы келді. Оларды аурухана директоры Ракишева Айман Ғалымжанқызы қарсы
Жаңалық

Алматы облысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізілді

  2024 жылғы 9 тамызға қараған түні Алматы облысы Қапшағай су қоймасының қалалық коммуналдық жағажайларында БАҚ өкілдерінің қатысуымен түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді. Құтқарушылар тәуліктің қараңғы уақытында суда шомылатын заң бұзушыларды
Жаңалық

Қазақстандағы үздік пошташылардың бірі Алматы облысында тұрады

Бүгін – Дүниежүзілік пошта күні. Биыл «Қазпошта» мекемесінің құрылғанына 30 жыл толды. Ел мен елді, қала мен ауылды байланыстыратын пошта қызметінің сапалы болуы аса маңызды. Бұл салада өз міндетін мінсіз