Жаңалық

Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

Облыста мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемдену мен жалған құжаттар ұсыну арқылы жасалған 6 қылмыс тіркеліп, жалпы шығыны 653 миллион теңгені құрады.

Бұл туралы экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Данияр Қыдыралиев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, тексеріс барысында агроөнеркәсіп кешенінде мемлекет қаражатын жымқырудың жүйелі схемалары анықталды. Мәселен, ет өңдеу зауытының жобалау-сметалық құжаттарын қолдан жасау арқылы 205 миллион теңге көлемінде мемлекеттік субсидия алған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сол серіктестік жалған құжаттар арқылы құрылғының өндірістік қуаты туралы ақпаратты бұрмалап, 63 миллион теңге субсидия алған.

Бұдан бөлек, ауылшаруашылық кооперативінің басшысы мал басының саны туралы жалған ақпарат ұсынып, 50 миллион теңге субсидия алған және оларды жеке депозиттік шотқа орналастырып, түскен дивидендтерді өз қажеттілігіне жұмсаған.

Білім беру саласында да ұқсас жағдайлар анықталды. Жеке балабақшалардың басшылары балаларды жалған тіркеу арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқырған.

Мемлекет қаражатын жымқыруды болдырмау мақсатында Алматы облысының әкімдігі Іле және Жамбыл аудандарындағы балабақшаларды Face ID функциясы бар құрылғылармен жабдықтады. Бұл балалардың нақты есебін жүргізуге және болашақта ұқсас заңбұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді деп атап өтті спикер.

«Коммуналдық қызметтер мен әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алу кезінде қажетсіз делдалдарды болдырмау үшін белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл мемлекеттік бюджеттің ақшасын үнемдеу және оны дұрыс пайдалану мақсатында жасалып жатқан шаралар», — деді Данияр Қыдыралиев.

Еске сала кетейік, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтар болған жағдайда, қаржылық мониторинг агенттігінің 1458 сенім телефонына немесе «АФМ Insider» телеграм ботына хабарласа алады.

Related Posts

Жаңалық

«Наурыз» мерекесі қарсаңында тамақтан уланудың алдын алу

Наурыз мерекесі қарсаңында тамақтан улану және алдын алу шаралары туралы өзекті тақырыпты тарқатсақ. Тамақтан улану – патогендік микроорганизмдермен немесе олардың токсиндерімен жаппай ластанған тағамды жеу нәтижесінде пайда болатын жедел ауру.
Жаңалық

Қонаевқа «Rotary International» ұйымы келді

Кеше Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына дүниежүзіндегі Rotary клубтарын біріктіретін халықаралық үкіметтік емес бірлестік болып табылатын Оңтүстік Кореядан Rotary International гуманитарлық-қайырымдылық ұйымының делегациясы келді. Оларды аурухана директоры Ракишева Айман Ғалымжанқызы қарсы
Жаңалық

Қазақ ән өнерінің қара нары Нұрғали Нүсіпжанұлы Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды

ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов туған күні қарсаңында Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды. Ән өнерінің дарабозына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауы
Жаңалық

МӘМС: Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға артты

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке 34 млрд теңге бағыттау жоспарлануда Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары үшін шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға – 2023 жылғы 32,1 млрд-тан 2024 жылы 34