Медицина

Сақ болыңыз, көкжөтел!

Көкжөтел – ауа-тамшылы жұғу жолымен немесе қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауру. Көкжөтел спазмды жөтел ұстамаларымен байқалады және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуымен қоса жүреді. Жұқтыру сәтінен бастап алғашқы клиникалық белгілерге дейін 2 күннен 14 күнге дейін өтеді.

Көкжөтел ерте жастағы балалар үшін өкпе қабынуы, ми зақымдануы немесе басқа да асқынуларымен қауіпті. Науқас алғашқы белгілер пайда болған сәттен бастап 25-30 күн бойы басқа адамдарды жұқтыруы мүмкін.

Көкжөтелдің белгілері:

  • Дем алу кезінде ысқырықты дыбыс;
  • Кеудедегі жағымсыз сезімдер;
  • Тамақтың тітіркенуі;
  • Жөтел кезінде ауа жетіспеушілігін сезіну;
  • Түнгі уақытта жөтелдің күшеюі;
  • Әлсіздік және шаршау;
  • Алаңдаушылық;
  • Тәбеттің нашарлауы;
  • Тыныс алудың қысқа мерзімді тежелуі (кішкентай балаларда).

Көкжөтелді емдеу:

  • Балалардағы көкжөтелді емдеу әдетте үй жағдайында жүргізіледі.
  • Аурудың ауыр ағымы кезінде және пациент екі жасқа толмаған жағдайда ғана инфекциялық стационарға жатқызу қажет.
  • Бала айналасындағылар үшін қауіпті кезеңде үйде оқшаулануы қажет.
  • Науқастын бөлмесі жиі желдетілуі керек. Ылғалдандырғыш қондырғыларды орнату жөтелдің жиілігін төмендетеді.
  • Дәрігердің нұсқауы бойынша витаминді-минералды кешендерді қабылдау керек.

«Жалпы, көкжөтел тоқтатылатын ауру, Ұлттық иммундау күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау арқылы инфекция мен асқынулардан оңай құтылуға болады. Вакцинация жоспар бойынша 2, 3, 4 айда ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі, қолданылатын вакцина – құрамдастырылған, АбКДС (дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге (жасушалы), В гепатитіне, полиомиелитке (инактивтендірілген) қарсы вакцина және гемофилді жұқпаның b типі. Сондай-ақ 1,5 және 6 жаста қайта егу жүргізіледі. Вакцинация көкжөтел инфекциясының алдын алады немесе жеңіл өтуі мүмкін.»,- дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Есіңізде болсын! Көкжөтелдің алғашқы белгілері пайда болғанда дереу емханаға жүгініңіз, дәрігер шақыртыңыз, өз бетінше емделмеңіз.

Related Posts

Қоғам

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ ӨРШІП ТҰР: 37 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Жетісу облысында 2023-2024 жылдардағы эпидемиологиялық маусымның 40-48 аптасында жіті респираторлық вирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 37 361 жағдайға дейін ұлғаюы байқалды. Бұл алдыңғы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Науқастардың 70%-ы 14
Медицина

Алматы облысында 1 млн 138 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесіне тіркелген

Дені саудың-жаны сау. Ол үшін денсаулыққа аса мән беруі керек екені мәлім. Бүгінде ауырмай ем іздейтіндер үшін арнайы қор жұмыс жасайды медициналық көмектің екі түрі бар. Ол тегін медициналық көмектің
Жетісу облысы

Жетісу облысында менингит ауруы бойынша 11 жағдай тіркелген

Облыста 14 жасқа дейінгі балалар арасында серозды менингиттің бір жағдайы тіркелді. Менингит - бұл ми мен жұлын мембраналарының қабынуы. Бұл әртүрлі себептер мен формаларға ие болуы мүмкін ауыр ауру. Менингиттің
Жетісу облысы

Жетісу қыздары 2024 жылдың қыркүйегінде адам папилломавирусына қарсы егіле бастайды

Жатыр мойны обырының дамуына адамның папиллома вирусынан туындаған инфекция әсер етеді. Вирусты жұқтырудың және оның дамуын болдырмаудың жалғыз жолы  - вакцинация. Сондықтан биыл қыркүйек айынан бастап адам папилломавирусына қарсы екпе