Жетісу облысыМәдениет

Жаңа маусым, жаңа премьера

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры көрерменмен қайта қауышты. Өнер ұжымы кезекті 49-шы маусымның шымылдығын Сәбит Әбдіхалықовтың «Көке» қойылымымен ашты. Шығарма жас режиссер Рамазан Үсеннің қолтаңбасымен заманауи үлгіде, комедиялық жанрда көрерменге жол тартты.

Қазақстан Республикасы Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің тапсырысы бойынша сахналанған қойылым бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін ашып көрсетеді. Көрерменді күлдіре отырып, шындықты шырылдата айтатын өнер ұжымының кезекті қойылымы көрерменнің көңілінен шыққаны сөзсіз.

Жаңа маусымда өнер ұжымы көрерменді премьерамен қуантып қана қоймай, сонымен қатар көптеген үлкен қалаларға, аудандарға гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар еліміздегі бірқатар театр фестивальдарына қатысып, бақ сынамақ. Биапа театры алда көрермен көңілінен шығатын түрлі жанрдағы қойылымдарды сахналауға ниетті. Ендеше, театр ұжымыныа сәттілік тілейміз!

Related Posts

Жетісу облысы

Талдықорғанда қала күні ауқымды түрде атап өтіледі

Биыл қала күнін тойлау Талдықорған қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әр жыл сайын бұл мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар айдың басынан, соңына дейін
Жетісу облысы

Өткен жылы Жетісу облысының соттары 17 мыңнан астам азаматтық істі қарады

Өткен жылы Жетісу облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарына 17 303 азаматтық іс пен талап-арыз келіп түсті. 2022 жылмен салыстырғанда түсімнің өсуі 26,7% - көрсетеді. Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

«55 жастан бастап төленеді»: Зиянды жұмыста істейтіндер үшін арнаулы төлем енгізілді

1 қаңтардан бастап арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және төлеуді тоқтату қағидалары күшіне енді. Оны алуға кімдер сенім білдіре алады? Бұл туралы Жетісу облысының
Жетісу облысы

Емханаға тіркеу науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар.  Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ. Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек,