News

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1286 жағдай тіркеліп, оның 937 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 52,5%.

Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі жоқ. Сондықтан, аурудың таралуын болдырмау үшін тұрғындардың вакцинациямен жоғары деңгейде қамтылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатта Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға қызылшаға қарсы жоспарлы егу 12-15 айлығында және қайта егу 6 жаста жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, қосымша жаппай иммундаумен облыста 50 223 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айдағы балалар 5642 2-4 жастағылар 31761, медициналық қызметкерлер 3581, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғындар 9239. Қосымша жаппай иммундаумен жоспарланған 52 900 адамның 94,9% қамтылды.