News

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1063 жағдай тіркеліп, оның 751 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 53,9%.

Айта кетерлігі ауырғандардың 79,4% бұрын қызылшаға қарсы вакцинация алмаған

Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі жоқ. Сондықтан, аурудың таралуын болдырмау үшін тұрғындардың вакцинациямен жоғары деңгейде қамтылуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатта Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға қызылшаға қарсы жоспарлы егу 12-15 айлығында және қайта егу 6 жаста жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, қосымша жаппай иммундаумен облыста 47656 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айдағы балалар 4997 2-4 жастағылар 30844, медициналық қызметкерлер 3577, екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі тұрғындар 8238. Қосымша жаппай иммундаумен жоспарланған 52 900 адамның 90,1% қамтылды.