ЖаңалықтарЖетісу облысы

Жетісуда бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді

Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті өңірдегі бәсекелестік ортаны дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Маржан Кальменова баяндады.
Департаменттің араласуымен:
«Домофон Сервис» және «Куликова» жеке кәсіпкерлері тұтынушыларды таңдау құқығынан айырған біріңғай тарифтерді жоюға міндеттелді.
«Қорғас-Коммерц» ЖШС жолаушылар тасымалы бойынша әділетсіз келісімдерді тоқтатты.
Монополияға қарсы заңнаманы сақтау мақсатында 33 нұсқама шығарылды, олардың ішінде маңыздысы – «Жетісу газ сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметі заң талаптарына сәйкестендірілді.
Сонымен қатар, департамент тауар нарықтарын зерттеп, 21 талдау жүргізді. Бұл жұмыстар нарықтағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге және болашақ заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Департамент кәсіпкерлер мен қоғам өкілдерінің өтініштеріне ерекше назар аударуда. Есепті кезеңде 167 өтініш қаралып, қажетті шаралар қабылданған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.