2024 жылы Жетісу облысы бойынша мемлекеттік органдармен 7 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл ретте 70%-ы жергілікті атқарушы органдарымен, 30%-ы орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен көрсетілді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы департаментінің басшысы Қобылан Манап баяндады.
Жалпы, жергілікті атқарушы органдарында жыл қортындысы бойынша электронды қызметтің үлесі 98% жетті.
Өткен жылы мемлекеттік қызмет жүйесінде кадрлық тұрақтылық сақталып, сапаны арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылған. Мемлекеттік қызметке келушілердің кәсіби деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлініп, біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты жеке және заңды тұлғалардан 50 шағым түсіп, 7 шағым бойынша дәлелдер расталды. Нәтижесінде 5 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 7 қызметті алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.
2024 жылы мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыстарға тартылу фактілері бойынша Департаментпен 24 мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қашықтықтан жүргізілген мониторинг барысында 161 мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта қызмет атқарғандығы анықталып, нәтижесінде ұсыныс жолдау арқылы үстеме жұмысқа негізсіз тартылған қызметшілерге тынығу сағаттарын беріліп, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
2024 жылдың нәтижесі бойынша департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасына 459 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түсіп, 237-і құзырет шегінде қаралған. Оның ішінде 20 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.