Ағымдағы жылдың 28 мамырында Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ұйғыр ауданына қарасты 14 ауылдық округ әкімдері оқыту семинарына қатысты.Семинарға Әділет департаменті, Дін істер басқармасы, Ішкі саясат басқармасы,Талдау және Болжау орталығы және Өңірлік коммуникациялар қызметінің спикерлері шақырылды. Ауылдық округ әкімдеріне қоғамдық саяси ахуалдың алгоритмдері, қоғамдық қорларды тіркеу , мешіттерді есепке алу ,БАҚ-пен байланыс жасаумен мемлекеттік бағдарламалар оқытылып,брифингтер өткізілді.Оқу қортындысы бойынша тест алынды.