Қоғам

Құқық көмек: Алматы облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген 47 әйел көмекке жүгінді

Партиядан көмек сұрап келгендердің бірі – Ж. есімді Қонаев қаласының тұрғыны. Ол күйеуінен зәбір көріп, жапа шеккен. Оның айтуынша, жолдасы туған-туыстарымен араластырмай, жиі ұрып отыратын. Тіпті әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақысын да алып, бермеген.

Көмек сұрап партия есігін қаққандардың бірі – А. есімді жәбірленуші. Ол бұрынғы күйеуінен ата-ана құқығынан айыруды сұрады. Қазір ол үш баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Алименттен жалтарған әке өз балаларын оқытуға, тәрбиелеуге және асырауға араласпай жүргенін айтты.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясына көмек сұрап Л. есімді зейнеткер жүгінді. Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі немересін жүріп жүрген жігіті алдап, тақырға отырғызып кеткен. Оның атынан үлкен сомада несие алып, артынша із-түссіз жоқ болып кеткен.

Тағы да басқа мәселелерді арқалап келгендер партияның қоғамдық кабылдауына жүгінді. Заңгерлер мен адвокаттар заң аясында тегін көмек көрсетіп, тұрғынның мәселесі алдағы уақытта оң шешілуіне ықпал жасайтынын жеткізді. Жалпы жыл басынан бері өңірде 42 құқықтық көмек берілді. Аясында 200-ге жуық азамат көмек алды.

Облыстық партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев өз сөзінде қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Көпбалалы отбасылар, аз қамтылған азаматтар алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша заң көмегін жоба аясында ала алады. Осы орайда партия заңгер кеңесіне мұқтаж әрбір адамға тегін көмек көрсетілуі үшін әділет департаменті және «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірлескен ынтымастық туралы меморандум жасады», – деді ол.

Оның айтуынша, өңірдегі «Жанұя» дағдарыс орталығына 189 адам көмекке жүгінген. Олардың 47-і жәбір көрген әйелдер, ал 142-і кәмелет жасына толмағандар.

Айта кету керек, биыл партияның сайлауалды бағдарламасы аясында облыс орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылған болатын. Ашылған орталық 50 адамға дейін қабылдай алады. Бұдан басқа Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында да зардап шеккен аналар мен балаларға арналған орталықтар жұмыс істеп тұр.

 

Related Posts

Жетісу облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум да өз таңдауын жасап, дауыс берді. «Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Елімізде АЭС салу бойынша жалпы халықтық референдум
Жетісу облысы

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Биыл мамыр айынан бастап елімізде тағы бір жаңа тұрғын үй бағдарламасы  іске  қосылды.  Бұл  жайлы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайында жариялады. Бағдарламаның  жүзеге  асырушы - «Отбасы
Қоғам

Жетісу облысының электр желілері жаңартылмақ

Жетісу облысында 13,7 мың шақырым электр желілері мен 2,6 мың қосалқы станция бар. Десе де өңірдегі жарық көзімен жабдықтау  объектілерінің  тозуы  80%-дан асады. Әсіресе «ТАТЭК» АҚ-да – 87,2% жоғары көрсеткішті
Қоғам

Жетісу облысының мемлекеттік архив филиалдары құжат сақтайтын ғимаратты қажет етеді

Жетісу облысының мемлекеттік архивінің құрамына 10 филиал кіреді. Яғни: Ақсу, Сарқан, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Текелі, Көксу, Ескелді, Панфилов  және жеке құрам бойынша Талдықорған бөлімі. Аталған ғимарат мамандары жұмысын тыңғылықты атқарып