Жаңалық

Алматы облысында тазалық пен қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылау күшейтілді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев аппарат жиынында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы рейдтік шараларды күшейтуді тапсырды. Аймақ басшысы аудан, қала әкімдіктері, құқық қорғау, экология және төтенше жағдай департаменттеріне «Таза Қазақстан» мен «Заң мен тәртіп» қағидатын ұштастыра отырып жұмыс істеу керегін айтты. Сондай-ақ аумақтарды абаттандыру, заңсыз қоқыс орындарын жою және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау жұмыстарын бақылауда ұстауды жүктеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, өткен аптада қоғамдық орындарды ластау бойынша 23, ал елді мекендердің аумағын абаттандыру қағидаларын сақтамаған 522 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аталған құқықбұзушылықтар бойынша 194 мың 625 теңге айыппұл салынды. Ал алғашқы жарты жылда заң талаптарын бұзған азаматтарға жалпы сомасы 9 млрд 302 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Оның 7 млрд 500 млн-ға жуығы өндіріліп, айыппұлды төлеу көрсеткіші 80,4 пайызды құрады.

Осыған орай Марат Елеусізұлы бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше мән беру керегін жеткізді. Себебі рейдтік шаралар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әсіресе демалыс аймақтары, өзен-көл жағалаулары, саябақтар мен халық көп жүретін орындар тұрақты назарда болады.

«Рейдтік іс-шараларға қоғамдық ұйымдар мен жастарды да жұмылдыру керек. Экологиялық қағидаларды бұзған, коммуналдық инфрақұрылымды бүлдіріп, табиғатқа қасақана зиян келтірген құқық бұзушылар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуы тиіс. Қоғамдық орындарда, демалыс аймақтарында және азаматтар көп шоғырланған аумақтарда бейнебақылау жүйелерін орнату шараларын назарда ұстау қажет. Халық арасында және білім беру ұйымдарында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырамын.

Демалу орындарына қоқыс тастауға, өрт жағуға тыйым салынғаны туралы ескерту тақтайшалар мен ақпараттық стендтердің орнатылуы қамтамасыз етілсін.

Сондай-ақ тұрғындардан келіп түсетін өтініштерге күнделікті мониторинг жүргізіліп, олардың уақытылы әрі сапалы іске асырылуына басымдық берілуі керек», – деді Марат Елеусізұлы.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 135 мыңға жуық ШОБ субъектілері жұмыс жасайды

Алматы облысында шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Облыста кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған түрлі бағдарламалар мен қолдау шаралары бар. Олардың қатарында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау,
Жаңалық

Алматы облысындағы Топар өзенінің арнасы тазартылып жатыр

Алматы облысындағы Топар ауылы шалғайда жатқан елдімекеннің бірі. Бірнеше жыл бойы Топар өзені тартылып, ауылға су жетпей құмға сіңді. Тіршілік нәрінен таршылық көрген тұрғындар бұл мәселені аудан, облыс басшылығына айтумен-ақ
Жаңалық

МӘМС төлемі 2️024 жылы қандай мөлшерде болады?

МӘМС төлемдері төлеушілердің әр санаты үшін әр түрлі мөлшерде болады. Жұмыс берушілердің аударымдары қызметкерлер жалақысының 3%-ын құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 25 500 теңгеден аспайды, бұл 10 ЕТЖ-нің 3% -
Жаңалық

Жаңа Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды.

Жаңа Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Аркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында