Жаңалық

Медицина саласындағы палуан

Мақсатжан Нурайсанов Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Мамандығы — зертханашы.

Алматы қаласының 5 дүркін, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы жақында Алматы қаласында грэпплинг спорты бойынша өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.
Бала кезінен спортпен айналысқан ол медицина саласын таңдауына анасының ықпалы болғанын айтты.

Мен Республикалық жоғары медициналық колледжді аяқтаған соң «Алматы» университетін биология мамандығы бойынша оқып, бакалавр дәрежесін алдым. Одан кейін зертханашы курсын оқыдым. Еңбек жолымды осы салада бастағанда мамандық таңдауда қателеспегенімді түсіндім. Әрі анамның арманы орындалды деп ойлаймын, — деді Мақсатжан Нурайсанов.

Аудандық аурухана директоры Бауыржан Ысқақ Мақсатжан орталық аурухананың тәжірибелі, әрі білікті маманы екенін айтады. Сөзінше, ауруханада 2013 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Медицина саласымен қатар спорт саласына да еңбек сіңіріп, еліміздің намысын қорғап жүрген азаматтардың бірі. Айта кетейік, Мақсатжанның кәсіби спорт (грэпплинг) саласында да жеткен жетістігі көп. Ол 2018 жылы Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатына, 2021 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатына қатысқан. Өзінің салмақ дәрежесінде Азия бойынша топ 5 үздіктер қатарында.

Related Posts

Жаңалық

Үкімет басшысы өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды. «Өңір әкімдері бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін жүйелі түрде өткізіп, Астанада іске асырылып жатқан «Жолтап» пилоттық жобасын үлгі ретінде
Жаңалық

Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және
Жаңалық

Вице-министр Әлібек Жамауов Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Алматы облысында болып, Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті. Вице-министр жылу-энергетика комплексінің ағымдағы жағдайы туралы айтып берді. Қала тұрғындары жылумен қамту, газбен қамту және ЖЭО-дағы жөндеу
Жаңалық

Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталды

Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін Қонаев қаласындағы Центральная 19 мекенжайында арнайы пункт ашылды. Бұл ретте облыс тұрғындары үшін күн сайын сағат 09.00-ден