Жаңалық

Алматы облысында жылыту маусымы кезінде 102 өрт оқиғасы тіркелді

Облыс аумағында жылыту маусымы басталғанан тұрғын үй секторында өрттің саны едәуір артады.

Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Александр Пархоменко айтты.

«Жылыту маусымы кезінде 102 өрт оқиғасы тіркелген.Оның ішінде 8 мен 14 желтоқсанға дейін облыс аумағында тұрғын үй секторында 24 өрт оқиғасы орын алды.Қаза тапқандар мен жарақат алғандардан жоқ. Көміртегі тотығымен уланудан емдік мекемелерге 17 адам жүгінді»,-дейді Александр Пархоменко

Департамент қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына өрттен сақтанудың келесі шараларын қабылдауға кеңес береді:
жиһазды және басқа жанғыш заттарды газ құрылғыларының, сондай-ақ жылыту пешінің жанына қоймаңыз;
Пештің мұржасын тазалап, жарықшақтар мен тесіктерді уақытылы жөндеңіз;
Еске саламыз, тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрт кезінде 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жылыту маусымы кезінде 171 өрт оқиғасы тіркелд

«Өрт тілсіз жау». Аяқ астынан шыққан өрт зардабы орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында