Жаңалық

Мереке күндері тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек?

«Jetisý Media» ақпараттық алаңында  Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы   Чарапиев Асхат Сәкенұлының қатысуымен «Мереке күндері тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек» деген тақырыпта  баспасөз мәслихаты өтті. Облыстық СЭБД басшысының айтуынша, кез келген уақытта  адам тамақтан улану болуы мүмкін.

Биыл өңірде тамақтан уланудың 1 оқиғасы тіркеліп, тағамдық токсикалықинфекциядан 20 адам зардап шекті. Бұл оқиға Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында орын алды. Адамдардың жаппай улануына мейрамханада өткен іс-шарада ұсынылған тағамдарды тұтыну себепші болды. Мейрамханада бірқатар санитарлық ережелерді өрескел бұзу фактілері тіркелді. Оның ішінде нысанның талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы анықталды. Кәсіпкерлік субъектісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір ол іспен құзырлы орган өкілдері айналысып жатыр.

«Мереке күндері тамақтан уланудың саны артатыны жасырын емес. Жіті ішек инфекцияларының негізгі себептері – тамақ дайындау технологиясының бұзылуы немесе мерзімі өткен тағамдарды жеу. Тамақтан улану кез-келген уақытта орын алуы мүмкін. Сондықтан, қысқы мерекелер қарсаңында мейрамхана, кафе, үйдің тамағынан уланудан сақтану үшін бірнеше кеңес бергіміз келеді. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы рұқсаты болуы керек. Нысандарда жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дератизация және дезинсекция шараларын жүргізу қажет. Тамақты дайындау кезінде технологиялық процесті, тағамды тасымалдау ережелерін сақтап, сондай-ақ жарамдылық мерзімін ескеру қажет. Өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы керек. Үй-жайлар мен жабдықтарды да таза ұстаған дұрыс. Дайын өнімдермен жұмыс істегенде бір рет қолданылатын қолғаптарды, шикі және дайын өнімді бөлек кесетін жабдықты пайдаланыңыз»,— дейді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев.

Уланудың негізгі себептері үй жағдайында консервіленген тағамдарды жегеннен  пайда болады. Ал біз білетіндей, консервілерді тұтыну маусымы «жертөлелерден» өнімдерді жазғы және күзгі жинау кезінде басталады. Топырақта «Clostridium botulinum» бактериясы өмір сүреді және топырақ дұрыс тазаланбаса немесе жуылмаса немесе үйде консервілеу кезінде дайындау технологиясы сақталмаса, бар қоздырғыш өнімде қалады. Ал герметикалық жабылған құмырада, оттегісіз ортада ботулизм қоздырғышы ең күшті биологиялық уды – ботулинум токсинін бөледі. Егер құмыраның қақпағы ісінген болса, құмыраның түбінде тұнба немесе шырыш болса, оның дәмін татудан бастартыңыз. Ол қауіпті болуы мүмкін.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы вакцина алды

  Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ-дің таралуы ерекше бақылауға алынды. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, қыркүйек айынан бері 60 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 63%-ы
Жаңалық

Алматы облысының ҚХА өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге 60 млн теңге жіберді

  Қонаев қаласында Алматы облысы ҚХА-ның ХХІХ сессиясы өтті. Шараны аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев жүргізді. Ұйымдастырушы – Алматы облысының қоғамдық келісім және даму орталығы. Сессия барысында қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Жаңалық

«Кеңес орталығы»: тұрғындарға МӘМС жүйесінің маңызы түсіндірілді

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тұрғындарға мемлекет мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында «Кеңес орталығы» жобасы жалғасын тапты. Шара аясында Қонаев қаласының халық көп шоғырланған орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы жолғы «Кеңес