Жаңалық

Алматы облысында су тасқыны кезіңіне дайындық басталды

Алматы облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Дәурен Азаматов облыс әкімінің қаулысына сәйкес 19 ақпанан бастап өңірде су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі басталғаны туралы Өңірілік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында айтты.
Бүгінгі таңда елді мекендерден 3,1 мың м3 қар шығарылған. Сонымен қатар,154,8 шақырым арық желілері, 48,2 шақырым каналдар, 87 бірлік автожол және 7 бірлік темір жол астындағы су өткізу,27,2 шақырым су бұру каналдары қазылды.
Өз баяндамасында Дәурен Азаматов су тасқыны қаупі бар 27 елді мекен бар екенін, 7-і елді мекенде қауіп толығымен жойылып, 20 нысанда қауіп азайтылғанын атап өтті.
Көктемгі кезеңдегі ТЖ салдарын жою үшін облыс аумағында жеке құрамның 1326 астам адамы , 471 бірлік техника, 29 жүзу құралы, 120 мотопомпа техникасы жұмылдырылған.
Спикердің айтуынша,Еңбекшіқазақ,Талғар,Кеген және Қарасай аудандарының 12 елді мекендерінде жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 88 су өткізу құбыры ауыстырылып, 435 шақырым арық-канал жүйесі қайта жаңартылған.

«Профилактикалық мақсатта аумақтық ТЖД-нің аудандық бөлімшелері 123 елді-мекенді қамти отырып, 92 рейд жүргізді. Бұдан бөлек «Көктем-2024» оқу-жаттығу барысында бес су тасқыны қаупі бар 1,8 шақырым арықтар мен каналдар, 73 автожолдар астындағы су өткізу құбырлары тазартылды.Нәтижесінде су тасқыны қаупі барынша азайды»,-дейді Дәурен Азаматов

Еске салайық, Су басқан жағдайда құтқару қызметіне «112 «нөмірі бойынша хабарласу қажет!

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысында 41 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундалды

Бүгінде Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайда тұрақтылық тенденциясы байқалады. Өңірде алғашқы нақтамамен 835 жағдай тіркеліп, оның ішінде 593  зертханалық расталған. Бұл туралы Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат
Жаңалық

Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды

2024 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Жаңалық

Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі

Көптің көкейіндегі тұрғын-үйге қатысты сауалдарға Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергитика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Айдын Бегімбеков тарқатты. Оның сөзінше, облыста 40 мыңнан астам азамат үй кезегінде