СаясатСпорт

AMANAT CUP: Алматы облысында футзалдан депутаттар арасында турнир өтті

Қарасай ауданында Алматы облысының барлық деңгейдегі депутаттары арасында футзалдан «AMANAT CUP» чемпионаты өтті. Халық қалаулыларының басын қосқан турнир «AMANAT» партиясының қолдауымен алғашқы рет ұйымдастырылды.

«Барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары мен қызметкерлері, партия филиалдарының өкілдерінен құралған 10 команда бас жүлде үшін бәсекеге түсті.  Тартысты ойынның куәсі болдық. Әрбір ойында бәсекелестік жоғары болды. Біріншіден, бұл қатысушылар үшін жұмыстан тыс уақытта пайдалы басқосу мен депутаттар арасында достық қарымқанас орнату болса, екіншіден, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Бұдан бөлек көктемде волейболдан турнир ұйымдастырмақшымыз», – дейді облыстық партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев.

Жарыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Қарасай аудандық мәслихат депутаттары жеңді. Екінші орынды Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттары, ал үшінші орынды Кеген аудандық мәслихат депутаттарынан құралған команда иеленді.

Бұдан бөлек, 5 номинация бойынша үздік ойыншылар марапатталды. Жалпы ойынның қорытындысы бойынша Қарасай аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сүнбеков қарсыластар қақпасына 13 гол соғып, турнирдің «Үздік сұрмерген» атанды. Ал 62 жастағы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов «Үздік ойыншы» аталымы бойынша марапатталды.

«Әдемі, әсерлі, қызықты ойын болды. Біз өте мықты қарсыластармен бақ сынастық. Ойын командалық рухты көтерді. Чемпионат салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырады. Депутаттардың өзара ынтымақтастығына ықпал етеді», – дейді Бекет Ахметов.

Сонымен қатар, «Үздік қақпашы» – Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының қызметкері Рашид Зординов, «Үздік қорғаушы» –  Қарасай аудандық мәслихат депутаты Абылай Зуайда, «Үздік шабуылшы» – Кеген аудандық мәслихаты аппаратының қызметкері Ернұр Сабырбеков болды.

Related Posts

Жетісу облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум да өз таңдауын жасап, дауыс берді. «Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Елімізде АЭС салу бойынша жалпы халықтық референдум
Жетісу облысы

Талдықорғанда 986 мүгедектігі бар азамат дауыс беру құқығына ие

Талдықорғандағы дауыс беру учаскелерінде барлық тұрғынға, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беру үшін тең жағдай жасалған. Көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған дауыс берушілер үшін «Инватакси» қызмет көрсетіп, оларды дауыс
Саясат

Алматы облысында ауыл тұрғындары мобильді қоғамдық қабылдаудың көмегіне жүгінді

Мобильді топ мүшелері Еңбекшіқазақ аудынына қарасты Қайназар және Қаракемер ауылдарында болып, елдегі ағайынның мұң-мұқтажын, ұсыныс-пікірін тыңдады. Қабылдаулар барысында  ауыл тұрғындары қара бастың емес, халықтың ортақ қажетті деген мәселелерді көтерді. Мәселен,
Саясат

Алматы облысында мәслихат депутаттары SMM курстарынан өтті

Мәслихат депутаттарының қызметін әлеуметтік желідегі маркетинг арқылы ілгерілету жұмыстары ширап келеді. Осы бағытта Алматы облысында арнайы семинар-тренинг өтті. Депутаттар енді әлеуметтік желіде белсенді болады. Ғаламтор арқылы тұрғындардың шағымын тыңдап, кері