Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында 31 елді мекенде су тасқыны қаупі бар

Жетісу облысының ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендердегі су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізді. Мәселен, облыс бойынша су басу мүмкіндігі бар аймақта 31 елді мекен бар. Оның ішінде 22 учаскеде су тасқынына дайындық шаралары жүргізілді. Ал қалған 9-да тиісті іс-шаралар өткізіледі. Мұндай ақпаратты Өңірлік коммуниккциялар қызметі ақпараттық алаңында баспасөз мәслихатинда Жетісу облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Ринат Тазабеков және мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Еламан Әубәкіров бөлісті.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде іске асырылуда. Бүгінгі күні жоспарланған 10 іс-шараның 6-сы аяқталды. Қалған 4-і 2024-2025 жылдары іске асырылады.
«2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 2023 жылдың 7 ақпанында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Оның нәтижесі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға, аудандар мен қалалардың әкімдеріне арықтарды, каналдарды, су өткізу құбырларын уақытылы тазарту, гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, күштер мен құралдар топтарының дайындығын қамтамасыз ету, облыс аумағында орналасқан аса су тасқыны қаупі бар учаскелерді көзбен шолып тексеру бойынша жұмыстар жүргізу туралы нұсқаулар берілді», — деді подполковник Ринат Тазабеков.
Баспасөз мәслихатындағы тағы бір маңызды тақырып жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік болды.
Еламан Әубәкіровтің айтуынша: «жыл сайын облыстағы өрттің 70-80%-ы тұрғын үй секторларында болады. Осыған байланысты, 2023-2024 ж. жылыту кезеңін өткізу шеңберінде әзірленген «Жетісу облысының аумағында 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасы іс-шараларының жоспарына» сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасылары 100%-ы аулаларды аралаумен, рейдтермен және профилактикалық-үгіт жұмыстарымен қамтылған. Департаменттің бастамасы бойынша «Көмек қолы» акциясы өткізілуде. Қазіргі таңда 456 отбасында қызметкерлеріміздің күшімен мұржаларды тазалау және жылыту пештерінің жарықтарын жабу бойынша көмек көрсетілді, өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді», — деп қорытындылады спикер.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында құрылыс жұмыстарының сапасына 24 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Саят Қараласов жыл басынан бері құрылыс жұмыстарының сапасына 24 млн. теңгеге жуық айыппұл салынғанын атап өтті. Қазіргі
Жетісу облысы

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Биыл мамыр айынан бастап елімізде тағы бір жаңа тұрғын үй бағдарламасы  іске  қосылды.  Бұл  жайлы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайында жариялады. Бағдарламаның  жүзеге  асырушы - «Отбасы
Жетісу облысы

Әр азаматқа бірдей мүмкіндік

"Қазақстан барысы" Руслан Әбдіразақов ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, дауыс берді. Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра