Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында жаңа тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда

Бүгін облыста «Жетісу жастары» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдау басталды. «Отбасы банк» АҚ мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы алғаш рет 2022 жылы іске асырылып 30-дан астам жас отбасы жас отбасы жеңілдетілген несие мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып ала алды. Тұрғын үй бағдарламасына Талдықорған қаласында жұмыс істейтін, кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар, 35 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы Банкі» филиалы директорының орынбасары Қуандық Нұрғалиев және бизнесті дамыту бөлімінің бірінші санатты маманы Айдос Жұмаев айтып берді.
«Жетісу жастары» жобасының несие сомасы 10 млн. теңге, 19 жыл мерзімге дейін беріледі. Спикердің айтуынша, бірінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін бастапқы жарна 0%. Ал екінші нарықтағы үйлерге 10%-дан бастап жарнаны төлеуі керек.
Өтінімдер 2024 жылғы 26 ақпаннан 7 наурызға дейін Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241, №106 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.
Жиын барысында Қуандық Нұрғалиев «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы туралы да атап өтті. «Отау» бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында басталып, 30 сәуірде аяқталады. Бағдарламаға 18-ден 63 жасқа дейінгі қазақстандықтар, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар және тек Отбасы банк салымшылары ғана қатыса алады.
Бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20%-дан басталады. Жылдық мөлшерлеме 9%, несие мерізімі 19 жылға дейін созылады.
Өтінім беру уақыты аяқталғаннан кейін, otbasybank.kz сайтында қатысушылар тізімі автоматты түрде шығады. Оған ең көп ұпай жинағандар кіреді.
Ұпайлар қалай есептеледі?
— салым бойынша сыйақы мөлшері үшін — әрбір 1 000 теңгеге 5 балл;
— салым мерзімі үшін — салымның әрбір жылы үшін 5 балл;
— тіркелген неке үшін — 10 балл;
— балалардың болуы үшін — санына қарамастан 50 балл.
Егер үміткерлердің ұпайларының саны бірдей болып қалса, онда басымдық салым сомасы көбірек және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамдарға беріледі.

Related Posts

Қоғам

АЭС — энергетикалық қауіпсіздік кепілі

Президент Жарлығына сәйкес елімізде АЭС салу не салмау туралы сұрақтың жауабын референдум арқылы халық шешеді. Дегенмен АЭС-тің пайдасы қандай, зияны бар ма деген мәселеде маманның пікірі маңызды. Біз экономист Сапарбай
Жетісу облысы

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр?

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды
Жетісу облысы

Халықаралық жастар күнін кең ауқымда тойлау жоспарлануда

12 тамыз Халықаралық жастар күнін кең ауқымды мерекелеу жоспарлануда. Жетісу облысының жастары үшін 3-12 тамыз күндері аралығында онкүндік мерекелік тұжырымдама ұйымдастырылмақ. Мақсатты аудитория 14-35  жас  аралығындағы жастар, оның ішінде мектеп
Қоғам

Бикен Римов атындағы Талдықорған драма театры Түркіменстандағы театр фестиваліне аттанбақ

Жетісу облыстық Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 14-16  қараша   аралығында  Түркіменстанның Мәдениет министрлігі  және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен Ашхабад қаласында өтетін «Театральное исскуство эпохи счастья» театр  фестиваліне қатысады.