Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысын газдандыру және ауыз сумен қамтудың қазіргі жағдайы

Жетісу облысында 33 елді-мекенге газдандыру жұмыстары жүргізіліп, 327 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. 2024 жылдың соңына дейін тағы 30 елді-мекен қосылады. Ол үшін бюджеттен 12 млрд. теңге бөлінді. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз-мәслихатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев бөлісті.

Басқарма басшысы атап өткендей, биыл жалпы сомасы 26 млрд. теңгеге жуық 42 жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Газдандырудың екінші кезеңімен Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының елді-мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Бүгінгі таңда құны 131 млрд. теңге болатын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жобада ұзындығы 302 шақырым, 6 АГРС орнатумен магистральдық газ құбырын салу көзделген, бұл 124 мың тұрғыны бар тағы 66 елді мекенді газға қосуды ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді спикер.

Басқарма басшысы брифингте Талдықорған қаласында Жастар 1 шағын ауданындағы  ауыз су мәселесін де тілге тиек етті. Тұрғындардың айтуынша, мұнда кейбір көшелер де су жоқ болса, ал кейбірінде сапасы нашар. Қазіргі уақытта шағын аудан бойынша жоба дайын, мердігер компания да бар. Қаржы бөлінгеннен кейін реконструкциялау жұмыстары басталады. Ал кейбір жерлерге «Жетісу Су құбырымен» бірге судың қысымын реттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Жалпы облыс бойынша 325 елді-мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 22 жобаны іске басталды. Уақытылы және сапалы іске асыру нәтижесінде 430 шақырымға жуық желі салынады, 20 елді-мекенінде ауыз судың сапасы жақсарады. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде. 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған сумен 331 елді мекен қамтамасыз етілетін болады.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын өткізу жоспарлануда

Басты мақсат 5 желтоқсан –   Халықаралық  волонтерлер күніне орай үздік еріктілерді марапаттау, ынталандыру  және  жеткен  жетістіктерін халыққа жариялау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Шараны ұйымдастырушылар Жетісу
Жетісу облысы

Өрттің 65 пайызы жылыту маусымында орын алады

Жетісу облысында жылыту маусымы басталғалы 16 өрт оқиғасы орын алған. Өңірде 2024-2025 жылға жылыту маусымына орай жеке тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспары әзірленіп, бекітілді. Өткен жылғы жылыту кезеңінің
Жетісу облысы

Жетісу облысында шетелдік көліктерді заңдастырудың нәтижесі шықты

Облыста көліктерді заңдастыру жұмыстары бір жыл бұрын басталған. Осы уақыт ішінде E-gov электронды порталы арқылы шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыруға көлік иелерінен 3534 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

Шаг Навстречу Инновациям: Команда учащихся NIS Талдыкорган — Лучшие

Ученики Назарбаев Интеллектуальной школы города Талдыкорган создали инновационный проект «E-Kurultay». Изобретение обещает преобразовать взаимодействие граждан с органами местного самоуправления, предлагая простой и эффективный канал для подачи и обработки заявок по