Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын өткізу жоспарлануда

Басты мақсат 5 желтоқсан –   Халықаралық  волонтерлер күніне орай үздік еріктілерді марапаттау, ынталандыру  және  жеткен  жетістіктерін халыққа жариялау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Шараны ұйымдастырушылар Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы.

Байқауға өтінімдерді қабылдау 7-15 қараша күндері аралығында жүргізіледі. Құжаттарды электронды және баспа нұсқада Js.jastar@mail.ru эл.поштасы, Талдықорған қаласы, Д.Қонаев № 47 көшесінде орналасқан «Жетісу жастары» орталығына өткізу қажет.

Сыйлыққа облыстың белсенді волонтерлері мен ұйымдары 10 номинация бойынша қатыса алады. Атап айтсақ, «Birgemiz: Bilim», «Birgemiz: Saulyq», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Birgemiz: Asyl mura», «Birgemiz: Ayala», «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Umit», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Qamqor», «Үздік волонтерлік ұйым», «Жыл волонтері».

Жеңімпаздарды 5 желтоқсан салтанатты түрде марапатталады. Әр жеңімпазға 300 мың теңге көлемінде сыйақы табысталмақ.

Related Posts

Жетісу облысы

Мобильді ақша аударымдарының қандай санаттары тексеру критерийлеріне жатады?

Көпшілікті мазалаған сұраққа жауап беру үшін Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері егжей-тегжейлі түсініктеме берді. «Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының нормаларына сәйкес әр түрлі
Жетісу облысы

Жетісу облысында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелері ерекше бақылауда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік әкімшілендіру мамандары тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Кедендік бақылау
Жетісу облысы

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ДАУЫС БЕРДІ

Бүгінгі референдумнан көпбалалы аналар да қалыс қалған жоқ. Күнделікті отбасылық қарбаластарға қарамастан  көпбалалы аналар  жақын маңдағы сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. – Біз бүгін балаларымыздың жарқын болашағы үшін, бейбітшілік
Жетісу облысы

ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЛЕБІ

Бүгін Қазақстанның саяси үдеріс көшіне ілескеніне куә болып отырмыз. Елімізде жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Бұл референдумды Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам деп қабылдауға әбден болады. Бүгін біз Президентіміздің айқындаған