Жетісу облысы

ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЛЕБІ

Бүгін Қазақстанның саяси үдеріс көшіне ілескеніне куә болып отырмыз. Елімізде жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Бұл референдумды Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам деп қабылдауға әбден болады. Бүгін біз Президентіміздің айқындаған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағына қатысты мәселелерге келген кезде тек мемлекеттік органдардың аясында емес, жалпыхалықтық пікірді ескеріп барып шешім қабылдау керегін айтқан еді. 


Референдум арқылы шешім қабылдау мәселесі демократиялық институттары дамыған елдерде жиі пайдаланылады. Бұл институттың қолданыста болуы демократиялық қоғамның жарқын көрінісі. Жалпы, референдумға қатысу – азаматтың құқығы ғана емес, сонымен қатар оның ел болашағы алдындағы азаматтық жауапкершілігі. Біз әрбір азаматтың референдумға қатысуы және өзінің таңдауын жасауы маңызды. Өйткені бұл елдің стратегиялық болашағын айқындайтын шешім.

Мамандар электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын 3 пайызға артып жатқанын дәйектеуде. Ал өзімізге мәлім электр қуатын өндіруде көмірдің рөлі басымырақ. Бүгінде электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі. Демек, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының да үлесі артуда. Улы заттардың қосындысы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізуде. Қазіргідей әлемде ресурстарға, энергияға бәсеке күшейген уақытта елдің энергетикалық тәуелсіздігі, энергетикалық қауіпсіздігі бірінші орынға шығып отыр. Мұндай жағдайда, орынсыз үрей мен жөнсіз популизмнің жетегіне еріп кету болашаққа жасалған қиянат болар еді.

Бүгінде барлық мемлекет үшін халықты тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету стратегиялық мәселе. Барлық жерде ресурс үшін талас жүруде. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселелерге айналған. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергетикасы арқылы қамтамасыз етуге болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бола алмайды.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысының коммуналдық меншігінде 692 заңды тұлға тіркелген

- 445 мемлекеттік мекемелер және коммуналдық мемлекеттік мекемелер; - 130 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары; - 52 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары; - 57 КММ және МКҚК филиалдары; - 4
Жетісу облысы

101 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

Алакөл ауданы Жайпақ ауылының тұрғыны 101 жастағы кейуана Мәрзия Абдрахманова да өз таңдауын жасады. Апамыз кез-келген сайлаудан қалыс қалмай азаматтық парызы ретінде өзіндік үлесін қосып келеді. – Еліміздегі саяси науқаннан
Жетісу облысы

Жетісу облысында іске асқан әлеуметтік жобалардың қорытындысы жарияланды

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде төрт әлеуметтік жобаны іске асырды. Бірлестік өкілдері Бақыт Қалиева мен Дархан Асқанбаевтың жұмыс қорытындылары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

Жетісу облысында алимент төлей алмай жүрген әкелер жұмыспен қамтылды

2023 жылы әділет органдарына хабарласып, 4 мыңға жуық азамат тегін заң көмегін ала алды. Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркеновтің айтуынша,