Жетісу облысыҚоғам

«Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдануда

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттар қабылдау жүргізілуде. Конкурсқа өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады. Байқау отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Конкурсқа еңбек жолында, спорт, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар жанұялар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен кездесуде облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Абибеков бөлісті.

«Биыл облыста ұлттық конкурсты ұйымдастыру және өткізу бойынша 5,6 млн теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда жалпы саны 150-ге жуық өтініш келіп түсті. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша қатысады», — дейді басқарма басшысы.

Байқау екі кезеңде өтеді. 15 маусым мен 1 шілде күндері аудандық комиссия алынған ақпаратты жан-жақты тексеріп, екі отбасыны айқындап, облыстық комиссияға жібереді. Ал, 3-17 шілде аралығында облыстық комиссия отырысы өтіп, нәтижесі бойынша әр аудан, қаладан келген жанұялар арасынан жоғары ұпай жинаған 10 отбасыға қаржылай сыйлықтар беріледі.

Облыстық комиссия шешімімен жеңімпаздарға «Мерейлі отбасы» лауреаты атағы беріледі. Сонымен қатар, Отбасы күні жеңімпаздар салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін тапсыратын марапаттау рәсіміне Астана қаласына жіберілетін болады.

Ескере  кететін  жайт, конкурсқа «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық деңгейдегі лауреаттары, қызметі ҚР аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. Одан бөлек, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды отбасына қайтарады. Кейіннен ниет білдірген жанұя ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта өткізуі тиіс.

Айта кетейік, 2023 жылы облысымыздың намысын қорғап, отбасылық құндылықтарымен ерекше көзге түскен өнегелі Қайрановтар жанұясы жүлделі 1-орын иеленген болатын. Сондай-ақ басқа жанұялар 2-3-ші орындармен  және ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысын газдандыру және ауыз сумен қамтудың қазіргі жағдайы

Жетісу облысында 33 елді-мекенге газдандыру жұмыстары жүргізіліп, 327 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. 2024 жылдың соңына дейін тағы 30 елді-мекен қосылады. Ол үшін бюджеттен 12 млрд. теңге бөлінді. Осындай
Мәдениет

Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

Қонаевта жекпе-жек спорт мектебі және мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) қызмет етеді. Еліміздің көк туын көкке желбіретер спортшыларымыз «Таза өлке» науқанына қолдау білдіріп сенбілікке шықты. Өз пікірінде БЖСМ-нің
Жетісу облысы

2024 жылы Жетісу облысында 202 км автожол жөндеуді жоспарлап отыр

2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 198 шақырым жол жөнделді. Биылғы жылы 202 шақырымды жөндеу үшін Ұлттық  қордан  және жергілікті бюджеттен 20 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жетісу облысы

Кербұлақ ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 31 млрд теңгеге жетті

Биыл Кербұлақ ауданына 23 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. Кербұлақ ауданында 10 айының қорытындысы бойынша 3810 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Нәтижесінде 5565