Жаңалық

Бак эндокардит: 6 ай бойы өздігінен емделген науқастың жүрегінде ақау анықталған

Жамбыл ауданының дәрігерлері 6 ай бойы емін таппаған науқастың жүрек ақауы бар деген күдігі расталып, ауруын дәл анықтаған. 31 жастағы аудан тұрғыны ауруы асқынған шағында жергілікті Жамбыл аудандық ауруханасына жүгінген. Мұнда терапия бөлімінің меңгерушісі әйелді 2 апта бойы емдеп, Бак эндокардит дертіне шалдығуы мүмкін деген күдікпен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иститутына жолдамамен жіберген.

«Зерттеулерден кейін Алматыдағы медициналық мекеме менің Жамбыл ауданының дәрігерлері қойған диагнозды растады. Бірден ота жасады. 20 күндей оңалту шараларынан өттім. Ай сайын МӘМС-ке жарнамды төлеп отырамын. Сондықтан барлық зерттеулер, дәрі-дәрмектер тегін болды. Бірде бір препарат сатып алмадым. Уақытында төлеп отырған сақтандыруымның қызығын көрдім», — дейді науқас Қымбат Амуралиева.

Қазірде науқас дәрігерлердің қатаң бақылауында. Жамбыл аудандық ауруханасында өзінің дәрігерлері жағдайына байланысты медициналық көмегін көрсетуде.

«Кейде жүрек соғуының жиілігіне байланысты шағымдары болады. Мұнымен қоса, өзге де дене мүшелерінің ауырсуын сезініп, кеңес алып тұрады. Жалпы, тұрғындарға айтарым егер сізде жүрек соғысы баяу, әрі жиілігі болса және осы белгілердің кез келгені болса, дәрігерге жүгінгеніңіз абзал. Көбіне бізге жүгінетіндер артериалдық қан қысымына қатысты аурулары бар науқастар», — дейді Жамбыл аудандық аурухасы терапия бөлімінің меңгерушісі Айгүл Қойайдарова.

Айта кетерлігі, Жамбыл аудандық ауруханасында жыл басынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 4236 қызмет көрсетілген. Терапия бөлімінде мыңнан аса адам емделген. Жалпы аталған бөлімде тұрғындар үшін 55 орын қарастырылған.

#мәмсАлматыоблысы #осмсАлматинскаяобласть

Related Posts

Жаңалық

Былтыр Алматы облысында 120 дан астам әйел жатыр мойын обырына шалдыққан

Жатыр мойны ісігі әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Маманның айтуынша, жатыр мойын ісігі жасарып келеді.Нақтырақ айтсақ, көбіне ісікке шалдыққандардың жас мөлшері 45-50 жастағы әйелдер.Ал қазіргі таңда 15-20
Жаңалық

Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

Облыста мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемдену мен жалған құжаттар ұсыну арқылы жасалған 6 қылмыс тіркеліп, жалпы шығыны 653 миллион теңгені құрады. Бұл туралы экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Данияр Қыдыралиев баспасөз
Жаңалық

Алматы облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жүзеге асырылуда

Облыс прокуратурасы мен Полиция департаменті,әкімдікпен және басқа мүдделі органдарымен бірлесіп арнайы топ құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі ақпараттық алаңында Алматы облысы прокурорының көмекшісі Бауыржан Бимолданов баяндады. Спикердің айтуынша ,
Жаңалық

Вице-министр Әлібек Жамауов Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Алматы облысында болып, Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті. Вице-министр жылу-энергетика комплексінің ағымдағы жағдайы туралы айтып берді. Қала тұрғындары жылумен қамту, газбен қамту және ЖЭО-дағы жөндеу