Жаңалық

Алматы облысында алғаш қолқа қақпағын транскатетер арқылы имплантациялау жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 1938 жылы туған науқас кеуде тұсының ауырсынуы, ентігу, ісіну, бас айналу сияқты шағымдармен түсті. Дәрігерлер егде жастағы науқасты тексеріп, «аорта қақпағының сыни стенозы» деген диагноз қойды.

«Науқаста перифериялық тамырлардың қысылып қалуына байланысты қатты бозару болды. Пульсі сирек және түсініксіз, біз кеуде маңының аздап дірілдеп тұрғанын байқадық, қолқаның тарылған тесігі арқылы қанның өтуіне кедергі болды. Науқаста критикалық стеноз. Бұл бүгінде жиі кездесетін жүрек ауруларының бірі», – дейді кардиохирург Сергей Мұсаев.

Оның айтуынша, Алматы облысында алғаш рет аорта қақпақшасын транскатетер арқылы эндоваскулярлық ауыстыру жасалды.

«Бұл әдіс аорта қақпағының тарылуы бар науқастарға жаңа мүмкіндік береді және тез қалпына келуіне көмектеседі. Операцияның артықшылығы – жалпы анестезия берілмейді, кеуде аймағын кеспей-ақ операция жасап, науқастың тез қалпына келуіне ықпал етеді», – дейді Сергей Мұсаев.

Қазіргі уақытта науқас өзін жақсы сезінеді, аурухана дәрігерлеріне жедел көмек көрсеткені үшін алғысын білдіруде.

Related Posts

Жаңалық

«Рахат» бастауыш партия ұйымы әлеуметтік қолдау шараларын жалғастыруда

AMANAT партиясы Еңбекшіқазақ ауданындық филиалына қарасты «Рахат» бастауыш партия ұйымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, Рахат ауылдық округінің Өрікті ауылында тұратын 9 отбасыға демеушілік көмек есебінен қысқы отын жеткізіп берді. Бастауыш партия
Жаңалық

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі  лауазымына тағайындалды. Талғат Ескендірұлы 1972 жылы туған, қазақ, білімі