Жаңалық

Алматы облысында пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылуда

Алматы облысында 2024 жылдың басынан бастап пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Алматы облысының Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 393,1 мың гектар пайдаланылмайтын жер анықталған, олар 1322 учаскеге бөлінген. Салыстырмалы түрде, 2023 жылы бұл көрсеткіш 612,8 мың гектарды құраған.

 

Басқарма басшысы Аманжол Кенесбайұлы бұл жұмыстың ауыл шаруашылығын дамыту және жер ресурстарын тиімді пайдалануда маңызды екенін атап өтті. «Пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару — бұл стратегиялық міндет, ол облыстың жер ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз ауылшаруашылық жерінің әр гектары қоғам мен экономикаға пайда әкелуін қамтамасыз етуге ұмтыламыз», — деді Аманжол Абдрахманов.

Қазіргі уақытта мемлекеттік меншікке 81,4 мың гектар жер қайтарылған, бұл жоспардың 102%-ына сәйкес келеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 224,0 мың гектарды құраған. Басшылық 2024 жылдың соңына дейін тағы 70,0 мың гектар жерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде, ал жоспардың орындалуы бүгінде 116%-ға жетті.

Кейбір жағдайларда пайдаланылмайтын жерлер мемлекеттік меншікке сот шешімдері арқылы қайтарылады. Мысалы, жалпы көлемі 31,9 мың гектарды құрайтын 63 учаскеге, сот жалға беру шарттарын бұзу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, ауданы 49,4 мың гектар болатын 246 учаске, мемлекеттік меншікке ерікті түрде және басқа да тәсілдермен қайтарылды.

Жер қатынастары басқармасы жер салығының тиімділігін арттыру мақсатында 162,3 мың гектар жер учаскесі бойынша салық ставкаларын 20 есе көтеру үшін 454 материал жіберілгенін хабарлады. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер департаментіне 18,2 мың гектарды қамтитын 164 учаске бойынша салық ставкаларын арттыру туралы материалдар ұсынылды.Қазіргі уақытта басқармада тағы 74,3 мың гектар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Алматы облысында жыл басынан бері 390 мың гектардан астам иесіз ауылшаруашылық жерлері анықталды.»

Related Posts

Жаңалық

Төтенше жағдай кезінде сирена қосу алгоритмі қайта пысықталып жатыр

Төтенше жағдай кезінде халықты хабардар ету үшін сирень-сөйлеу қондырғыларын қолдану алгоритмі министрлік деңгейінде қаралуда. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары Данияр Қасымовтың қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды. Жалпы, халықты
Жаңалық

Балқаш ауданы: Жыл сайын «Аңсаған сәби» бағдарламасына жүгінетіндер саны артып келеді

Сәби сүйгісі келетіндер көп. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің игілігі мол ​​​​«Аңсаған сәби» бағдарламасы талай шаңыраққа үміт сыйлап отыр. Бұл туралы Балқаш аудандық орталық ауруханасының бас акушер-гинекологы мәлімдеді. Айтуынша өңірде
Жаңалық

МӘМС: Пациенттерді қолдау қызметі туралы не білесіз?

Бүгінде әрбір емхана жанында Пациенттерді қолдау қызметі бар. Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады. Пациенттер бетпе-бет келетін проблемалық
Жаңалық

Алматы облысында автокөліктерді алғашқы тіркеу үшін төленбеген мемлекеттік баждарды өндіру шаралары жүргізілуде

  Алматы облыстық Әкімшілік полиция басқармасы 13,2 млрд теңгеге тең төленбеген алғашқы тіркеу жағдайларын анықтады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы міндетін атқарушы Еркебұлан