Жаңалық

Алматы облысы: Шомылу маусымы басталғалы құтқарушалар 14 азаматты құтқарды

Адамдардың қаза болуына рұқсат етілмеген аумақта суға түсу, қауіпсіздікті сақтамау, мас күйінде шомылу себеп болып отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ералы Разакулов мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, шомылу маусымы басталғалы балалар өлімі тіркелген жоқ. Жазатайым жағдайдан құтқарушылар 14 азаматтың өмірін сақтап қалған. Дегенмен, оқыс оқиға салдарынан 5 адам көз жұмған.
Департамент суда адамдардың өліміне жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдауда. Судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау бағытында үгіт-насихат жұмыстары үзбей жүргізіліп келеді. Мәселен, суға шомылу басталғалы 5 мыңнан аса рейдтік іс-шаралар жүргізілген.

«Биыл аймақта облыс әкімдігінің қаулысымен жағажайда демалуға арналған 103 орын белгіленді, оның ішінде 7 коммуналдық жағажай бар. Тұрғындарға, қала қонақтарына тек шомылуға рұқсат етілген жерлерде демалуға. Және де балалар қауіпсіздігін назарға алуды сұраймыз»,-деді Ералы Разакулов.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевта бюджет есебінен 31 тұрғын үй бой көтереді  

Қазіргі таңда бюджет қаржысына 10-шағын ауданда 180 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Сондай-ақ әрқайсысы 60 пәтерлік 9 көпқабатты үйдің сметалық құжаттары жасалып жатыр. Бұл туралы Қонаев қаласының әкімдігі ұйымдастырған
Жаңалық

Алматы облысында өрт қауіпсіздігіне 522 нысанға тексеріс жүргізілді

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы мен ТЖД арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтары қорғалатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы
Жаңалық

МӘМС есебінен жүрек талмасы бар науқасқа ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиохирургия бөлімі Алматы облысындағы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің жетекші орталығы. Ауруханаға шалғай аудандардан және өз еркімен келетін науқастар көп. Солардың қатарында -  Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны да