Жаңалық

Қыркүйекте жалпылама декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталады

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Олжас Отар мәлімдеді.

Олжас Отардың ақпарынша, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі енгізілгенін, оның шеңберінде 250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны заңды тұлғалардың басшылары,жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.

 «ҚР барлық азаматтары декларацияны тапсыруға міндетті болады. Жалпыға бірдей декларация- табыстардың ашықтығын қамтамасыз етудің, көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің табиғи барысы.Декларациялау жүйесіне кірген кезде 250.00 нысаны бойынша декларация ұсынылады. Ол бір рет- «кіру» деп аталатын декларация. Ал келесі жылдары 270.00 нысаны бойынша жыл сайынғы декларация ұсынылады», — деді Олжас Отар

Спикердің сөзінше, облыста аталмыш құжатты тапсыруға міндеттелген 361 мыңнан аса азаматтың тек 58 пайызы өткізіпті. Өңірде декларациялауды толық қамту үшін кірістер департаменті 8 мың 872 түсіндіру жұмысын жүргізген. Соған қарамастан, бұл жұмыс баяулап тұр.

Айта кету керек, декларацияны бірінші рет ұсынбаған жеке тұлға ескерту алады. Ал келесі жылы тапсырмағандарға 15 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында Қытай үлгісіндегі шыны көпір салынады

Алматы облысының табиғаты ерекше «Қара шатқал» аймағында елде баламасы жоқ бірегей нысан — шыны көпір салынбақ. 80 метр биіктікте, 170 метр ұзындықпен керілген бұл көпір туристерге ерекше әсер сыйлап, аймақтың
Жаңалық

Алматы облысында 50-ден аса қылмыс әшкереленді

  10-20 мамыр аралығында Алматы облысында «Құқық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің басқарма басшысы полиция подполковнигі Мұрат Қалиасқаров жүргізілген тексеріс
Жаңалық

Қонаевтық дәрігерлер өкпесі қабынған ауыр хәлдегі науқасты аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына 63 жастағы науқас ауыр хәлде түскен. Сөзінше, науқас үй жағдайында емделіп, ауруын асқындырып алған. Емханаға жеткізілгеннен кейін дәрігерлер қажетті медициналық талдау жүргізіп, ренгтенге түсірген. Кейіннен жүргізілген
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді. Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық төмендеді. Өткен жылдың желтоқсанында – 218 жағдай тіркелді, 2024 жылғы қаңтарда – 131. Өңірде қосымша жаппай иммундау жұмыстары