Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысында жолдағы қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Бүгінде жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр.

Оның алдын алу үшін Жетісу облысында республикалық  маңызы  бар автожолдарда 19 жерге жылдамдықты анықтайтын бейнекамералар орнатылды. Сондай-ақ, бақылауды күшейту мақсатында 3 қызметтік автокөлікке «Ekin Patrol» автоматты тіркеу жүйесіне қосылған жылдамдықты өлшегіш құралы орнатылды. Апаттың жай-күйін тұрақтандыру мақсатында жыл басынан облыс аумағында 10 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Алайда, атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан өңірде
жол-көлік  оқиғаларының  саны  466,  онда  жарақат алғандар 683, ал қаза тапқандардың саны 87 болып тұр.

Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері жолда жүргенде абай болып, өзіңіздің және басқалардың өміріне қауіп төндірмей жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында санитарлық тексерулер басталады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бақылау іс-шараларының кестелерін немесе тізімдерін жасайды. Объектілерді таңдау тәуекелді бағалау критерийлеріне негізделген автоматты түрде болады. Бұл бақылау субъектілерін таңдау кезінде адам факторын
Жетісу облысы

Жетісу облысының 27 имамы аттестаттаудан өтті

Имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру мақсатында жақында аттестаттау өтті. Оған 27 азамат қатысты. Олар алдағы уақытта тиісті бұйрық шыққан жағдайда аймақтың имамы жоқ мешіттеріне қызметке жіберілетін болады. Бұдан бөлек,
Жетісу облысы

Жетісуда жүгері алқаптарында күзгі жиын-терін жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысының Панфилов ауданы жүгері дақылының өлкесі, облыстағы жүгерінің шамамен 74% осы аймаққа тиесілі, мұнда 2 мыңнан астам фермер жүгері өсірумен айналысады. Биыл ауданда 170 мың тонна жүгері жинау жоспарланған.
Жетісу облысы

«ҚОШТАСАТЫН БОЛСАҚ НЕГЕ КЕЗДЕСЕМІЗ?» Талдықорған драма театрында кезекті премьера сахналанды

Бикен  Римова атындағы Талдықорған драма театрында Александр  Володиннің  «Қоштасқым  келмейді» пьесасының желісімен  «Кездесу мен қоштасу» қойылымының премьерасы өтті. Спектакльдің қоюшы-режиссері  –  Алмат Шарипов. Қоюшы суретшісі  – Жанат  Дүйсенбаев  және костюм