Жетісу облысы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорған қаласының, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы Әміре Әрін референдумда Талдықорған қаласының 397-ші сайлау учаскесіне барып дауыс берді. 

“Мұндай ресми шара ел болашағы үшін аса маңызды. Халықпен санасып, халық үніне құлақ асып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан ел азаматтарына алғыс айтып, әр істеріне береке тілеймін. Ең бастысы заман тыныш болсын. Біз көрген қиындық пен ауыртпалықты тәуелсіз елімнің жас ұрпағы көрмесін. Жас та, жасамыс та осы қасиетті жеріміздің, азат еліміздің гүлденуіне, көркеюіне атсалысайық”, — деді ол.

Атап айтқанда Әміре Әрін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан Академиясының академигі, Қазақстанның Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның  Құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының магистрі, Сайдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,  ҚР Спортына еңбегі сіңген қызметкер, «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»,«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медальдарымен, ҚР Президенті «Алғыс хатымен», республикалық «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен марапатталған. «Ақ қарға алау жаққан Азиада» (2010 ж.) республикалық мүшәйрасының Бас жүлдегері, облыс және республика көлеміндегі өзге де мүшәйралардың  жеңімпазы, Алматы облысының Құрметті азаматы, Талдықорған қаласының, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы.

Related Posts

Жетісу облысы

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ: Жетісу облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді

Жетісу облысында 8-12 наурыз күндері ауа температурасының күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі нәтижесінде 12 су басу фактілері тіркелді. 9 жергілікті су басу жағдайларынан Алакөл ауданының Қабанбай, Ақтүбек, Бескөл станциясы,
Жетісу облысы

Ынтымақтастықтың табысты жемістері

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары IT-services & Education жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған кітаптарды дубляждайтын аудиостудия ашты. Салтанатты шара Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті.  Биыл
Жетісу облысы

Алакөлдік көпбалалы аналар дауыс берді

Бүгінгі референдумнан көпбалалы аналар да қалыс қалған жоқ. Олар жақын маңдағы дауыс беру учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. «Біз бүгін балаларымыздың жарқын болашағы үшін, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дауыс бердік.
Жетісу облысы

Өрттің 65 пайызы жылыту маусымында орын алады

Жетісу облысында жылыту маусымы басталғалы 16 өрт оқиғасы орын алған. Өңірде 2024-2025 жылға жылыту маусымына орай жеке тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспары әзірленіп, бекітілді. Өткен жылғы жылыту кезеңінің