Жетісу облысы

Талдықорғанда Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Алмахан Кенжебекова өз таңдауын жасады

Бүгін мәдениет саласының майталманы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актрисасы Алмахан Нұрпейісқызы № 420 дауыс беру учаскесіне келді.
Алмахан Нұрпейісқызы өмірде де, өнерде де жұбы жазылмаған жолдасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актеры Кендебай Темірбайұлымен бірге өз таңдауларын жасады.
«Аса жауапты науқанға қатысып, еліміздің болашағы үшін таңдау жасадым. Әрине бүгінгі күні еліміз тың серпіліспен дамып келеді. Бұл мемлекет басшысының салиқалы саясатының жемісі деп білемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Жетісуымыз одан әрі дами берсін», — деді Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Алмахан Нұрпейісқызы.
Айта кетейік, бүгінгі референдумға қаламыздың барлық өнер ұжымдары да тысқары қалмай таңдауларын жасауда.

Related Posts

Жетісу облысы

Сарқан ауданының Екіаша ауылында Мұқағали Мақатаев дауыс берді

Республикалық референдум күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағалимен аттас Екіаша ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Мұқағали Мақатаев №356 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. «Референдумда халық болып бірлесе шешім қабылдаймыз. Мен бұл маңызды
Жетісу облысы

Алакөлде мемлекеттік сыйлық лауреаты дауыс берді

Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округінің тұрғыны, Мемлекеттік сыйлық иегері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Қайныш Таңатова №58 учаскеде дауыс берді. Қайныш Таңатова бүгінгі референдум еліміздің тарихында қалатын маңызды оқиғаның бірі екенін
Жетісу облысы

Жетісуда «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Жетісу облысында 16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Ол жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қон деректерінің жолын кесуге
Жетісу облысы

Текелі энергокешенінің жұмысшылары дауыс берді

Текелі қаласындағы № 449 дауыс беру учаскесінде «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС 17 жұмысшысы бір мезгілде күндізгі ауысым кезінде өз таңдауларын жасады. «Біз ұжымымызбен референдумда таңдау жасауға келдік. Ел өмірінде маңызы