Жетісу облысы

Талдықорғанда Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Алмахан Кенжебекова өз таңдауын жасады

Бүгін мәдениет саласының майталманы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актрисасы Алмахан Нұрпейісқызы № 420 дауыс беру учаскесіне келді.
Алмахан Нұрпейісқызы өмірде де, өнерде де жұбы жазылмаған жолдасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актеры Кендебай Темірбайұлымен бірге өз таңдауларын жасады.
«Аса жауапты науқанға қатысып, еліміздің болашағы үшін таңдау жасадым. Әрине бүгінгі күні еліміз тың серпіліспен дамып келеді. Бұл мемлекет басшысының салиқалы саясатының жемісі деп білемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Жетісуымыз одан әрі дами берсін», — деді Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Алмахан Нұрпейісқызы.
Айта кетейік, бүгінгі референдумға қаламыздың барлық өнер ұжымдары да тысқары қалмай таңдауларын жасауда.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысы бойынша 463 дауыс беру учаскесі өз жұмысын тоқтатты

Облыс тұрғындары үшін 463 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс берді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Даутов хабарлады. Жалпы облыс бойынша 442 429
Жетісу облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум да өз таңдауын жасап, дауыс берді. «Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Елімізде АЭС салу бойынша жалпы халықтық референдум
Жетісу облысы

Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, Жетісу тумасы Мәулен Мамыров дауыс берді

Жетісу облысының ғана емес, елдің атын шығарып жүрген ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Мәулен Мамыров бүгінгі тарихи сәтке куә болып, дауыс берушілердің қатарынан табылды.
Жетісу облысы

Құқық қорғау органдары академиясына түсуге іріктеу жалғасуда

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Экономикалық тергеу қызметі құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін жандар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялады. Құқық қорғау органдары академиясына