Жетісу облысы

Көксулық батыр аналар дауыс берді

Көксулық көпбалалы аналар да референдумда өз таңдауларын жасауда. Еңбекшіқазақ, З.Тамшыбай, Мұсабек ауылында тұратын көпбалалы аналар дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.
«Батыр аналар» Республикалық референдумда дауыс беріп қана қоймай, көпшілікті осындай маңызды істен қалыс қалмауға шақырды.
«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Әр азаматымыздың дауысы Қазақ еліміздің дамуына үлес қосуы деп санаймын. Мен осы ауылға келін болып түскеніме 65 жылдай болыпты. Әйел адам әрбір үйдің, әр шаңырақтың отанасы. Біз үшін жылы баспана, қарны тоқ балаларымыз, жарық пен тұрмысқа қажет заттардың толықтығы маңызды ғой. Ел Президентінің бұл мәселені халықтың талқылауына бергеніне де ризамыз. Ел болып, халық болып бірігіп бір ортақ шешімге келейік!» – дейді көпбалалы ана Қалипан Еркенова.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысы бойынша 463 дауыс беру учаскесі өз жұмысын тоқтатты

Облыс тұрғындары үшін 463 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс берді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Даутов хабарлады. Жалпы облыс бойынша 442 429
Жетісу облысы

Қаратал ауданында жас отбасылар өз таңдауын жасауда

Қаратал ауданы, Бәйшегір ауылдық округінің №155 дауыс беру учаскесінде бірнеше жас отбасылар - Рысбековтар, Какишевтар, Мырзахановтар отбасыы келіп өз таңдауларын жасады. Жастар ел болашағы үшін өз таңдауларын жасап, аудан жастарын
Жетісу облысы

Ақсулық ақсақалдар референдумға белсенді қатысуға шақырды

Ақсу, Сарқан аудандарының Құрметті азаматы О.Исанованың, Ақсу ауданының Құрметті азаматы Д.Мұхаметшаровтың, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Айтбаевтың, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Б.Құрманғалиеваның өздеріне бекітілген дауыс беру учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады.
Жетісу облысы

Жаркент қаласындағы «Ұйғыр» этномәдени орталығының мүшелері ұлттық киім үлгісінде келіп, дауыс берді

Панфилов ауданындағы этнос өкілдері бүгінгі өтіп жатқан референдумға белсенді түрде атсалысып, өз таңдауларын жасады. -Біз үшін еліміздің жарқын болашағы маңызды. Біз сол үшін өз таңдауымызды бірауыздан жасап, референдумда белсенді болуға