Жетісу облысыҚоғам

«Ақсу қант» ұжымы өз таңдауын жасады

Өңірді қантпен қамтамасыз ететін ұйымшыл ұжымның бірі «Ақсу қант» зауытының қызметкерлері дауыс беру учаскесіне ауызбіршілік танытып бірге келді.
«Қазіргі уақытта зауытта жұмыс қызу, тәтті түбір қабылдау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қауырт жұмысқа қарамастан ел ертеңі үшін таңдау жасау — барлығымыздың азаматтық борышымыз», — деп білетін азаматтар дауыс беру учаскесіне ұжыммен келген.
«Бұл референдумға барлық қызметкерлер бірауыздан қатысып, өзіміздің белсенділігімізді және жарқын келешек үшін таңдау жасадық деген сенімдеміз. Сондықтан қауырт науқанға қарамастан арнайы уақыт белгілеп, бір уақытта таңдау жасауға келдік. Себебі бұл таңдауда еліміздің әр тұрғынның пікірі маңызды», – деді ұжым басшысы Самат Надирбаев.
Айта кетейік, еңбек ұжымы дауыс берген І.Жансүгіров ауылындағы «Ақын Сара» мәдениет үйіндегі №3 дауыс беру учаскесінде келушілердің қатары көп.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісудағы фермерлерге жаңа қолдау шаралары ұсынылды

Жетісу облысында 20 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Фермерлердің жетістігіне қарамастан, олардың жыл сайынғы өнімі қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты біршама келеңсіздік тудыруда. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықтарға қолдау және
Қоғам

Жетісу облысында қызылшамен ауырған тұрғындардың 85 пайызы екпе алмаған

Облыста бұл дертке қатысты тұрақсыз жағдайға қарамастан, екпеден бас тартушылардың саны жыл санап артып келеді. 2020 жылы 285 тұрғын ауруға қарсы екпе салдырмаса, биыл 10 айда бұл көрсеткіш 496-ға жеткен.
Қоғам

Құқық көмек: Алматы облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген 47 әйел көмекке жүгінді

Партиядан көмек сұрап келгендердің бірі – Ж. есімді Қонаев қаласының тұрғыны. Ол күйеуінен зәбір көріп, жапа шеккен. Оның айтуынша, жолдасы туған-туыстарымен араластырмай, жиі ұрып отыратын. Тіпті әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақысын
Жетісу облысы

Жетісулық шекарашылар А.Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Алматы қаласында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды. Ұлы түрколог, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, мемлекет