Үшарал қаласының аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Себепов Асқар Нұрқасымұлы өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындарға қаланың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған нақты жоспарларын ұсынды. Кандидаттың айтуынша, қаладағы бірқатар мәселелер ұзақ жылдар бойы назардан тыс қалып, оларды шешу үшін жүйелі әрекеттер қажет.
«Мен Үшарал қаласының әрбір тұрғыны сапалы өмір сүруге лайық деп есептеймін. Қаламыздың шешілмеген мәселелерін тек сіздердің қолдауларыңызбен және белсенді қатысуларыңызбен ғана еңсеруге болады. Бұл тек сайлауалды уәде емес, менің азаматтық борышым,» – деді кандидат өз сөзінде.
Себепов Асқар Нұрқасымұлы қаланың қазіргі жағдайын жақсарту үшін маңызды проблемаларды атап өтті:
ҚАЛАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Үшарал қаласы Ж.Жабаев көшесінің сапасы төмен жағдайда.
- Үшарал қаласы бойынша 30 дан астам көшелер түнгі жарықтандырылусыз.
- Үшарал қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін шағын кәсіп орын жоқ .
- Қала жастары мен азаматтарының бос уақытын өткізетін мәдени кешен қажет.
- Қалаішілік маршруттық автобустар жоқтығы.
- Үшарал қаласындағы көпсалалы колледжі ескі, 1974 ж. бері күрделі жөндеу жүргізілмеген.
Кандидат бұл мәселелерді шешу үшін өз жоспарын нақты қадамдар арқылы жүзеге асыруды көздеп отыр:
КАНДИДАТТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ УӘДЕЛЕРІ
- Үшарал қаласы Ж.Жабаев көшесінің сапасын қанағаттанарлық деңгейге жеткізуге күшімді саламын.
- Үшарал қаласы бойынша 30 дан астам көшелерді түнгі жарық шамдарымен қамтамасыз етуге үлесімді қосамын.
- Үшарал қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін шағын кәсіп орын ашуға ықпал етемін.
- Қала жастары мен азаматтарының бос уақытын өткізетін мәден кешен ашуға (жабық бассейн, жастар театры) күш саламын.
- Қалаішілік маршруттық автобустардың жүруіне азаматтық үлесімді қосамын.
- Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы көпсалалы колледж негізгі ғимараты мен
- жатаханасын 2025 жылы күрделі жөндеуден өткізуге ықпал етемін.
«Сіздердің қолдауларыңыз біздің қаламыздың келешегі үшін аса маңызды. Дұрыс таңдау жасап, өз болашағымызды бірге құрайық,» – деп сөзін қорытындылады Себепов Асқар Нұрқасымұлы.
Тұрғындармен кездесулер алдағы уақытта жалғасады, бұл кезең кандидаттың жоспарларын тереңірек түсініп, оны қолдау үшін маңызды мүмкіндік болып отыр.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.