Жаңалық

Алматы облысының киберполицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігін айтты

Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте интернет-алаяқтықпен күрестің кешенді шаралары жайлы ақпарат берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптен қорғаудың жаңа әдістері мен алаяқтық схемаларды дер кезінде анықтау үшін іске қосылған жобалар жайлы баяндады.

«Antifraud-орталық» – Ұлттық банкі мен Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, биылғы 22 шілдеден бастап жұмысын бастаған жоба. Бұл орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары және байланыс операторларын бір жүйеге біріктіріп, алаяқтық әрекеттерді жылдам анықтап, бұғаттауға мүмкіндік береді.
Орталық іске қосылғалы бері облыс аумағында 200-ге жуық күдік тудырған әрекеттерге тосқауыл қойылып, жәбірленушілерге қаржыларын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде”,-деді полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының м.а Нұржан Кеңесханұлы.

Жыл басынан бері облыста интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың 1136 дерегі тіркелген. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге 40 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевқа «Rotary International» ұйымы келді

Кеше Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына дүниежүзіндегі Rotary клубтарын біріктіретін халықаралық үкіметтік емес бірлестік болып табылатын Оңтүстік Кореядан Rotary International гуманитарлық-қайырымдылық ұйымының делегациясы келді. Оларды аурухана директоры Ракишева Айман Ғалымжанқызы қарсы
Жаңалық

Алматы облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде

Тұтынылатын трафик көлемінің ұлғайып, интернет сапасының төмендеуіне байланысты тұрғындардан шағым түсетіні белгілі. Бұл мәселені шешу үшін байланыс операторларының базалық станцияларын тұрақты негізде ұлғайтып, жаңа желілер салу қажеттілігі туралы Өңірлік коммуникациялар
Жаңалық

Алматы облысында Полиция қызметкерлері күні аталып өтті

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Алматы облысында тәртіп сақшыларының ерен еңбегі ескеріліп, ерекше құрмет көрсетілді. Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде салтанатты шара өтіп, ел тыныштығын күзеткен қызметкерлердің ерлігі дәріптелді. Мерекелік жиынға ішкі