Жетісу облысыСайлау

Жетісу облысында іске асқан әлеуметтік жобалардың қорытындысы жарияланды

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде төрт әлеуметтік жобаны іске асырды. Бірлестік өкілдері Бақыт Қалиева мен Дархан Асқанбаевтың жұмыс қорытындылары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Атап айтсақ, «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету» басым бағыты бойынша «QOLDAU» әлеуметтік бейімдеу орталығы әлеуметтік жобасы жүзеге асты. Жоба аясында бейімдеу орталығы ашылып, облыс көлемінде пробация есебінде тұрған барлығы 120 адамға заңгерлік және психологиялық кеңес беріліп, 50 пробация есебінде тұрған азаматтар Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде оқыту курсынан өтіп, сертификат иеленді.

Қаржы пирамидалары мен құмар ойындарының алдын алу бағыты бойынша «Jetisu.NET» қаржылық сауаттылық орталығы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Облыс  аумағында тәжірибелі мамандарды шақыра отырып лудоманияның алдын алу бойынша 10 тренинг өткізілді.

«Жетісу Әкелер мектебі» жобасы әке тәрбиесінің рөлін арттыруға  бағытталған. Бастама  аясында  өңірдің  50 мектебінде әкелер кеңесі құрылып, 80 қатысушыны біріктірген облыстық форум өткізілді.

«ZERDELEU» бастамасының мақсаты – мемлекеттік қоғамдық бақылауда сауаттылықты арттыру. Жоба аясында шағын гранттар байқауы ұйымдастырылды, 10 жеңімпаз 300 000 теңгеден иеленіп, шағын грант аясында іс-шаралар өткізді.

фото: ашық дереккөзден

Related Posts

Жетісу облысы

Жолда жүру ережелеріне қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді

6 мамырдан бастап елімізде жолда жүру ережелеріне қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді.  Енді тұтас бір жолақты сызықты басып, қарсы бағытқа шығып көліктен озғандар, жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Жол қозғалысындағы
Жетісу облысы

Кәсіпкерлерді қолдау үшін бөлшек салық режимін енгізу талқыланды

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басшысы Ринат Жамаубаев бөлшек салықтың жаңа режимі тақырыбын қозғады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында пандемиядан зардап шеккен салаларда
Жетісу облысы

«Босс-Молокосос» Талдықорғанда таңдау жасады

Бүгін Талдықорғандағы жалпыхалықтық референдумға «Босс-Молокосос» қатысты. Арнайы кейіпкер киімін киген жастар дауыс беріп қана қоймай, сайлау қатысушыларына осындай ерекше көңіл күй сыйлап, өз пікірін білдірді. «Референдум - қазақстандықтар үшін маңызды