Жаңалықтар

Мәслихат сайлауы: Тұрлыханов Мақсат Ержанұлының өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Қонаев қаласындағы №1 сайлау округінен қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Тұрлыханов Мақсат Ержанұлының сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Тұрлыханов Мақсат Ержанұлы, 1989 жылы 18 қарашада Алматы облысы, Қапшағай қаласында дүниеге келдім. 2010 жылы Алматы технологиялық колледжін «IT-специалист» мамандығы бойынша аяқтадым. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкермін, 2011 жылдан бері «IT VAT» жеке кәсіпкерлігін басқарып келемін.

Қаламыздың дамуына үлес қосу – менің басты мақсатым. Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәжірибем маған тұрғындардың сұраныстары мен мәселелерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Мәслихат депутаты ретінде келесі бағыттарда жұмыс істеуге дайынмын:

  • Қаладағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасау.
  • Жастарды IT саласына баулу үшін арнайы бағдарламалар мен курстар ұйымдастыруға ықпал ету.
  • Қаланың интернет пен цифрлық технологияларға қолжетімділігін арттыру үшін инфрақұрылымды жақсарту.
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешуге атсалысу, оның ішінде жарық, су және жылу жүйелерінің сапасын жақсарту.
  • Қала көшелерін жөндеу, көлік қатынасын оңтайландыру және заманауи технологиялар арқылы қауіпсіздікті арттыру.
  • Әлеуметтік қолдау көрсету, әсіресе көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған топтарға көмектесу.
  • Экологиялық мәселелерге назар аударып, қаладағы жасыл аймақтарды көбейту.

Құрметті қала тұрғындары!

Мен сіздердің сенімдеріңізді ақтап, қаламыздың игілігі үшін аянбай еңбек етуге дайынмын. Қаламызды заманауи технологияларға негізделген, жайлы және қауіпсіз ортаға айналдыру – менің басты міндетім. 8 желтоқсан күні сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс берулеріңізді сұраймын.

Бұл үгіт материалы үшін төлем аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылды.