Қоғам

Балқаш ауданында Сібір жарасына қарсы егу науқаны жалғасуда

Ауданда мал шаруашылығы дамығандықтан мұндағы халықтың басты табыс көзі де осы сала. Аймақта екі мал бордақылау алаңы, 838 шаруа қожалығы, 27220 жылқы,126896 қой мен ешкі және 130 бас түйе мен 20 мыңнан астам құс тірлкенген. Өңірде мал азығы тапшылығы жоқ. Ауданда 701 3047 га жайылымдық жер.

Шұрайлы жерде мал шаруашылығымен айналысатындардың бір парасы жергілікті халық арал деп аталатын маңда орналасқан. Соның ішіндегі ең ірісі «Айсәуле» шаруа қожалығы. Аудан орталығы Бақанастан 150 шақырымдай жерде орналасқан. 2017 жылы 130 бас ірі қарамен басталған шаруашылық, бүгінге іргесін көмген ата кәсіпке айналған. Қазіргі таңда қожалықта 300 бас жылқы 400 бас сиыр бар. Мұндағы барлық жануар жергілікті мал дәрігерлерінің жіті назарында.

«Шаруашылықты бастаған кезден бастап жұмысымыз ілгері басуда. Мемлекеттен тұрақты түрде субсидия аламын. Бұлда жұмыстың алға басуына үлкен көмек. Мал дәрігерлері де уақытылы жануарларды қарап тұрады. Мемлекеттен тегін вакцина беріп, салып беріп жатыр. Бүгін ірі қараны Сібір жарасына қарсы егеміз», – деді қожалық иесі Нұрлан Бекайдар.

Айта кетейік, Балқаш ауданында 99 мың ірі қара мал Сібір жарасына қарсы екпе алған. Сонымен қатар, 104 мың ұсақ мал, 27мыңнан астам жылқы мен 80 түйе індетке қарсы егілген.

«Бүгін «Айсәуле» шаруа қожалығына келіп, Сібір жарасына қарсы екпе салып жатырмыз. Көктал ауылдық округінде 9760 бас ірі қара мал бар. Соның ішінде 3250-і егілді. Ауылдық округте 52 шаруа қожалығы тіркелген. Соның 36-да егу жұмыстары аяқталды»,-дейді Көктал ауылдық округінің мал дәрігері Нұрлан Андасбаев.

Мамандардың айтуынша, Сібір жарасына қарсы жануарларды егуге казбиофарм ұлттық холдингі АҚ-ның екпесі қолданылады .1 құты 50 бас малды егуге жеткілікті.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында 31 елді мекенде су тасқыны қаупі бар

Жетісу облысының ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендердегі су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізді. Мәселен, облыс бойынша су басу мүмкіндігі бар аймақта 31 елді мекен бар. Оның
Жетісу облысы

Жетісу облысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қалай тұрақтандырады?

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру механизмдерін іске асыру барысында 2023-2024 жылдары қоғамға бағаны тұрақтандыру бойынша аталған механизмдерді іске асыруға 6 млрд теңге бөлінді. Оның  ішінде
Жетісу облысы

Жаркентте «Социалистік Еңбек ардагері» Күләш Айтжанова дауыс берді

Панфилов ауданы, Жаркент қаласында Социалистік Еңбек ардагері Күләш Айтжанова референдумға белсене қатысып, өз таңдауын жасады. Күләш Айтжанова бала кезінен еңбек етіп, қажырлы әрі табанды болып өскен ұрпақтың көрнекті өкілі. Өңірімізде
Жетісу облысы

Биыл Қаратал ауданында 1500 гектар қант қызылшасын егу жоспарлануда

Қаратал ауданы бойынша қант қызылшасы 1 мың 106 га жерге егіліп, толығымен жиналды. Қазіргі таңда 37,6 мың тонна өнім қант өңдеу зауытына өткізілді. 2024 жылы жылы 1500 гектарға қант қызылшасын