Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылдық округі əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Өнербеков Ермек Жайлауұлының 2024-2028 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы
Мен, Онербеков Ермек Жайлауович, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақтыауылында дүниеге келдім. Үйленгенмін, 5 балам бар.
Орталық Азия университетін 2002 жылы аяқтап, Қазақ Ұлттық аграрлық университетін 2016 жылы, Қазақ Ұлттық аграрлы университеті 2019 жылдары аяқтадым. Білімім – жоғары.
Еңбек жолымды 1998-1999 жылдары «СК Тұмар» ЖШС-нің шебері маманы қызметінен бастап, 1999-2002 жылдар аралығында «СК Тұмар» ЖШС-нің инженер-гидротехнигі қызметінде, 2002-2008 жылдары «СК Тұмар» ЖШС-нің бригадир қызметін атқардым. 2008-2010 жылдары «ЕркінА» ЖШС агроном қызметінде жұмыс жасадым. 2010-2013 жылдары «ЕркінА» ЖШС директорының орынбасарықызметінде жұмыс жасадым. 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Балқаш ауданы Бақбақты ауылындағы «Әлмес» ЖШС-нің директоры қызметін атқарамын. 2020 жылдан «AMANAT» партиясының мүшесімін.
Округ әкімі ретінде өз міндетімді Қазақстан Республикасының заңнамасының аясында өз өкілеттігімнің шеңберінде округті кәсіби басқару, округ тұрғындарының мүдделерін қорғау, округ әкімінің аппаратын сауатты басқару деп білемін. Округ әкімі ретінде мен өз жұмысымды бірінші кезекте халықпен, шаруа қожалықтарымен, кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жасау мен ауыл өміріне белсенді қатысу үшін өзара әрекеттесуден көремін.
«АМАNАТ» партиясы мүшесі ретінде, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік осал отбасыларға және жастарға қолдау көрсетуге бағытталған партиялық жобаларды іске асыру үнемі назарымда болады.
Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім – кімге де сын болатынын жақсы сезінемін. Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!
Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар алдағы 4 жылда:
✓ 2024 жылы Бақбақты ауылдық округі саябағының құрылысына ықпал етемін;
✓ Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көтеруге жұмыс жүргізуге;