Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Кураметов Жан Бауыржанұлының 2024-2028 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы
Құрметті жерлестер!
Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурмановка ауылында дүниеге келдім. 1993 жылдан бері Есік қаласында тұрамын. 2006 жылы Есік қаласындағы Қазақ-Түрік лицейін бітірдім. 2011 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Қаржы», 2014 ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтадым. 2021 ж. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Жеміс-көкөніс шаруашылығының» бакалаврын, ал 2022 ж. «Бизнес және басқару» магистрі мамандығын алдым.
Еңбек жолымды 2009 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылындағы «Саймасай» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының есепшісі болып бастадым.
2010-2012 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының есепшісі, экономисті. 2013 жылдың қараша айынан Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы – салық жөніндегі инспекторы. 2015 жылдың наурыз айынан Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы. 2016-2017 жж. — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жанашар ауылдық округі әкімінің орынбасары, ал 2017-2022 жж. — Жанашар ауылдық округінің әкімі болдым.2022 ж. — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы. 2022 жылдан бастап «Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқарушы компаниясы» ЖШС-і бас директорының қаржы-экономикалық жөніндегі орынбасары болып қызмет етемін.
Мені Есік қаласының əкімі етіп сайласаңыздар алдағы 4 жылда:
- Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын;
- Есік қаласының көркеюіне, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын;
- Қала тұрғындарының таза сапалы ауыз сумен қамтылуына;
- Есік қаласының көшелерін жөндеуден өткізу мен көпірр салу, түнгі жарықтандыруға;
- Электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстарына;
- Қаламыздың абаттандыру жұмыстарын жандандыруға;
- Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуді;
- Жастардың тұрақты жұмысқа орналасуы мен мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге;
- Жастарға — жол ашамыз! Жастар-ел болашағы! Біз халқымыздың бай, рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек! Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы! Сол себепті Жастар саясатын қауқарлы жүзеге асыруға;
- Қала тұрғындарын еңбекпен қамтудың негізгі бір діңгегі-шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және сол арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына,жұмыссыздықты жоюға атсалысып,кәсіпкерлікті дамытуға;
- Еліміздегі саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және дін аралық келісімнің нығаюына;
- Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға;
- Саламатты өмір салтын насихаттауда қаланың жастар саясатының тиімді моделі – қала бойынша өркендетудің құралы – мәдени демалыс орындарының халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жандандыруға үлесімдіқосамын.
Қаламыздың ертеңі қандай болатыны сізбен бізге байланысты.Сондықтан Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын.
Сіздің даусыңыз–қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, гүлденуі және де қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесіңіз!