Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Оны енгізудің арқасында бүкіл Қазақстан халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарды.
МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттары мынадай тезистерді қамтиды:
* ортақ жауапкершілік – халықтың денсаулығы үшін мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтың өзі жауапты;
* медициналық көмекке тең қол жетімділік – әрбір сақтанушы төленетін жарналардың мөлшеріне қарамастан медициналық көмектің қажетті көлеміне құқылы;
* науқастардың құқықтарын қорғау — Қор медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізгеннен кейін ғана медициналық қызметтер үшін ақы төлейді.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кеңейтілген медициналық көмегіне қолжетімділік алады.
«Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері көптеген бағыттар бойынша науқастарды қабылдап, кеңес береді. Оның ішінде диагностикалық қызметтер, зертханалық диагностика, УДЗ, рентген, КТ, ангиография, медгенетика бар. МӘМС және ТМККК шеңберінде мамандандырылған және жоғары технологиялық стационарлық медициналық көмектің барлық бағыт бағдары көрсетіліп тұрады» — деп бөлісті аурухана директоры Эльмира Берикова.
Мәселен, 2023 жылы Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы МӘМС аясында 9929 науқасқа, ТМККК шеңберінде 3000 адамға медициналық көмек көрсетілді. Науқастар Алматы облысының әр ауданынан, Алматы қаласынан, Қазақстанның басқа қалаларынан, жақын және алыс шет елдерден келіп түскен болатын. Білікті дәрігерлер мен жоғары технологиялардың арқасында пациенттердің көпшілігі толық емін алып, аман-есен қалыпты өмірге оралды.