Биыл облыс бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 303,6 млн. теңгеден астам сомаға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 259 грант берілді.
Грант алушылардың бірі — Жалғасбек Сырлыбаев, Іле ауданы Покровка ауылының тұрғыны. Биыл халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азамат (мүгедектігі бар адам) өз ісін, атап айтқанда гипс бұйымдарын өндіру идеясын алға тарты, бұл идеяға тұрғындардың сұранысы түрткі болды.
Сондықтан Іле ауданының тұрғыны құжаттарды тапсырып, 400 АЕК көлемінде жаңа бизнес — идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алды.
Грант есебінен ол гипс бұйымдарын жасау үшін қажетті технологиялық жабдықты сатып алды.
Қазіргі уақытта өндіріс жолға қойылған. Өнімге деген сұраныстың болуына байланысты өндірісте қосымша екі тұрақты жұмыс орны ашылды.