Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Көктем келе қызыл судың қатерінен сақтану әдетке айналған. Қазіргі таңда жауаптылар су қоймаларына жүйелі түрде бақылау жүргізу үстінде. Штаттық режимде жұмыс істеп тұрған су қоймаларының сыйымдылығы 97 пайызға жеткен.
Мамандар, қарғын судан келер қауіп жоқ, деп сендіруде. Өйткені, жоспарға сәйкес, облыста «2024 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық» бойынша айлық негізінде бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтсақ, өңірдегі елді мекендерден мекендерден 3,7 мың текше метр қар шығарылып, 347 шақырым арық пен 156,9 км арналар, 157 бірлік су өткізу құбырлары мен 82,1 шақырым су бұру каналдарының тазартылған. Бұдан бөлек, «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында 6 су тасқыны қаупі бар учаскелерде 1,8 шақырым арықтар, 35 автожолдар астындағы су өткізу құбырлары тазартылып, 150 мың текше метр қар тазаланды.
Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматовтың айтуынша, өңірде 310 су қоймасы бар.
«Қазіргі таңда, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен облыстың «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» сияқты ірі су қоймаларын толтыру штаттық режимде жұмыс жүріп жатыр. Су деңгейі арнасынан асқан жоқ»,-деді Дәурен Азаматов.
Брифинг барысында, ТЖД өкілі Іле ауданы Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылғанын айтты. Сөзіне сенсек, қауіптің алдын алу жұмыстары толық атқарылып, құрбандар мен зардап шеккендер анықталмаған.
Ал, Алматы облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Ернар Бердақын, аталмыш мәселеге қатысты түсінік беріп өтті. Ол Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылу бойынша облыстық прокуротурамен ҚР Қылмыстық кодексінің 371 бабы «Салғырттық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда іс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.
Жауаптылар, қызыл су деңгейінен асса, халыққа көмек көрсетуге 471 бірлік техника, 126 мотопомпалар, 29 бірлік жүзу құралдары мен 1326 адам жұмылдыратынын алға тартты. Айтуларынша, облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарынан арнайы топ қауіп төнсе қол ұшын беруге әзір.