Жетісу облысыҚұқық

Елімізде «Антиконтрафакт» республикалық акциясы басталды

ҚР Әділет министрлігі 1 сәуір мен 23 сәуір аралығында «Антиконтрафакт» республикалық акциясы өтетінін хабарлайды. Шара зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында азаматтардың білімін арттыру және қоғамның контрафактілік өнімдерге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Елтай Аубакиров бөлісті.
«Аталған акция шеңберінде түрлі конкурстар ұйымдастырылмақ. Атап айтсақ, 1-10 сәуірде «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбындағы 10 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған үздік сурет байқауы өтеді.
Конкурс екі кезеңде тұрады. Бірінші кезең облыс бойынша өтеді. Әділет департаментінде құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 12 сәуірде байқау жұмыстарына комиссиялық қарау ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша бір үздік жұмысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберіледі.
Екінші кезең – республикалық, ҚР Әділет министрлігінде жеңімпаздарды іріктеу бойынша қорытынды кезең 19 сәуірде болады. Конкурстық комиссия үздік жұмысты іріктейді. Қатысушылар тұрғылықты жері бойынша әділет департаментіне баланың туу туралы куәлігінің суреті мен көшірмесін қоса бере отырып, өтінімді ұсыну қажет», — деді спикер.
Одан бөлек, 1-15 сәуір аралағында «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбындағы БАҚ өкілдеріне арналған үздік ақпараттық материал бойынша республикалық байқауы ұйымдастырылуда. Қатысушылар жұмыстарын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне b.satzhanova@adilet.gov.kz электронды поштасына жібереді. Байқауға үміткер Instagram, adiletgovkz парақшасына жазылу және Instagram желісінде #АкцияАнтиконтрафакт2024 @adiletgovkz «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбындағы жазба қалдыруы керек. Жеңімпаздар 26 сәуірде «Антионтрафакт» республикалық акциясының жабылу салтанатында бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында шомылу маусымына дайындық пысықталды

1 маусымнан бастап елімізде шомылу маусымы басталады. Осы тұста Жетісу облысының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жетісу облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері
Жетісу облысы

Текелі қаласындағы «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері бүгінгі республикалық референдумда қаладағы дауыс беру учаскелеріне барып, шашу шашып, ән салып, ізгі тілектерін арнады. Ақ әжелердің бір тобы №447 дауыс
Жетісу облысы

Майлы дақылдарды өндіру және қайта өңдеу

Биыл Жетісуда 65 мың тонна соя жинау жоспарлануда, деп хабарлады облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында. Облыста бес кәсіпорын соя бұршақтарын қабылдаумен айналысады.
Жетісу облысы

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында тұңғыш 3D Fantasy ертегі

14-17 мамыр аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына балаларға арналған 3D Fantasy «Алтын сақа» ертегісінің премьерасы көрерменге жол тартпақ! Мұсатай Ақынжановтың «Алтын сақа» ертегісі 3D Fantasy нұсқада алғаш рет